Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Ішкі аудит қызметі
Ішкі аудит қызметі

Ішкі аудит қызметі

Ішкі аудит қызметі

«ҚМУ» КеАҚ Ішкі аудит қызметі ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін бақылауды және бағалауды, ішкі бақылау жүйесінің тәуекелдерін басқару аудитін, Академиялық адалдық саясатының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асырылуын мониторингілеуді, клиникалық аудитті, корпоративтік басқару саласындағы құжаттардың орындалуын және Ұйым қызметін жетілдіру мақсатында консультация беруді жүзеге асыратын Ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Қызметтің миссиясы Ұйымның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу бойынша міндеттерді нәтижелі және тиімді орындау үшін тәуекелдер туралы хабардар ету жолымен Директорлар кеңесіне және ұйымның басшылығына қажетті жәрдем көрсету болып табылады.

Қызмет жұмысының негізгі мақсаты университеттің Директорлар кеңесіне тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару процестерін жетілдіруге жүйелі тәсілді енгізу арқылы Ұйымды тиімді басқаруды қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз және объективті ақпарат беру болып табылады.

Қызметтің негізгі міндеттері:

·  Ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін бағалау және аудит;

·  нәтижеге бағытталған бюджетті пайдалану тиімділігін бағалау;

·  Ұйымдағы ішкі бақылау жүйесінің тәуекелдерін басқару аудиті;

·  бухгалтерлік есеп жүйесінің дұрыстығын, толықтығын, объективтілігін бағалау және оның негізінде Ұйымның қаржылық есептілігін жасау;

·  клиникалық аудит;

·  Ұйымның Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын бағалау және осы талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін құрылған және қолданылатын жүйелер мен рәсімдердің барабарлығын бағалау (комплаенс-бақылау);

·  Ұйым ресурстарын пайдаланудың ұтымдылығы мен тиімділігін және ұйым активтерінің сақталуын қамтамасыз етудің қолданылатын әдістерін (тәсілдерін) бағалау;

·  Ұйымдағы корпоративтік басқару процесін жетілдіруді бағалау;

·  Ұйымның еншілес және бірлесіп бақыланатын ұйымдарының ішкі аудит қызметтерінің жұмысын әдіснамалық қамтамасыз ету және үйлестіру.

Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері Ішкі аудит қызметіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті кәсіби біліктілікке және жеке қасиеттерге ие.  Қызмет қызметкерлері бейінді мәселелер бойынша оқудан өтіп, жыл сайын кәсіби біліктілігін арттырады. Ұйымдастырушылық, Тәуелсіздік, сана мен тәртіп, жұмыс жоспарларын сөзсіз орындау Ішкі аудит қызметінің сәтті жұмыс істеуінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.

Кабышев Жанат

Ж. Кабышев 1980 жылы экономист біліктілігі берілген «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша «Қарағанды кооперативтік институтын тәмамдаған. Сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның 19.10.2016 жылғы №1195 шешімімен мемлекеттік аудитор біліктілігі берілді. 2020 жылдың желтоқсаны бойынша бағалау қоғамдық секторы үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша сертификаттан өтті. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі саласындағы еңбегі үшін» Қазақстан республикасының Тәуелсіздік 25 жыл»,» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 100 жыл» мерейтойлық медальімен, «Еңбек ардагері», «Қаржы қызметінің үздігі» наградалық белгісімен марапатталған. 

Кәсіби қызмет:

Целиноград облыстық тұтынушылар одағының ревизоры, Қарағанды облысы қаржы бөлімінің ревизор-инспекторы, бас бақылаушы-инспекторы, бақылау іс-шараларын орындау бөлімінің бастығы. 

2008-2022 жылдары - Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары.

2022 жылдың мамыр айынан бастап «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ - «ҚМУ» КеАҚ Ішкі аудит қызметінің аудиторы.