Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Зорин Борис Викторович

Зорин Борис Викторович

1961 жылы 19 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келген.

 Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Тіс дәрігері» мамандығы бойынша, Алматы экономика және статистика академиясын  «Экономист» мамандығы бойынша бітірді.

1984 жылдан бастап 1985 жылға дейін– №2 стоматологиялық емхана базасында интернатурадан өтті. 1985 жылдан бастап 1997 жылға дейін  – әр түрлі медициналық ұйымдарда  тіс дәрігері, ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі, стоматологиялық емхананың бас дәрігері болып жұмыс істеді. 1997 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін  –«Стоматологиялық бірлестігі» ЖШС-нің бас дәрігері.

 2004 жылдан бастап 2014 жылға дейін «Нұр Отан» партиясының Қарағанды қалалық филиалының төрағасы. «Қарағанды облысының тәуелсіз медициналық сарапшылар қауымдастығы» ҚБ Президенті.

 «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «10 жыл Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарімен марапатталды; ҚР Прездидентінің алғыс хаттары бар.

III, IV, V және VI шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.