Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Әбішев Олжас Амангелдіұлы

Әбішев Олжас Амангелдіұлы

1983 жылы 14 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ол Қызылорда мемлекеттік университетін«Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша, Андонг Ұлттық Университетінің (Оңтүстік Корея) магистратурасы мен докторантурасын «Ақпараттық және коммуникациялық инженерия» мамандығы бойынша бітірген. Ақпараттық және компьютерлік коммуникациялар мәселелері бойынша бірқатар ғылыми жарияланымдары бар, 20-дан астам ғылыми-зерттеу жұмыстарының авторы.

 О.А. Әбішев – ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы инженерлік ғылымдар докторы (PhD), Қазақстан Республикасындағы инновациялар жөніндегі  Президенттік клубының мүшесі.  «Өңірлік  инновацияға арналған ұлттық университетінің» қауымдастырылған профессоры  NURI (Оңтүстік Корея).  «Кәріс ақпараттық және коммуникациялық ғылымдар институтының» тұрақты мүшесі (Оңтүстік Корея).
«Кәріс қоғамының ғаламтор ақпаратының» тұрақты мүшесі (Оңтүстік Корея).

Еңбек жолын 2000 жылы Қызылорда қ. «Казвторчермет» ААҚ-де  оператор  бағдарламашы болып бастаған.

Әр жылдары әр түрлі ұйымдарда жұмыс істеді:

инженер-әзірлеуші  Man&Tel LTD (Гуми қ., Оңтүстік Корея);

«Өңірлік  инновацияға арналған ұлттық университетінің» профессорының ассистенті (NURI);

«Казагромаркетинг» АҚ-ның басқарушы директоры; 

 «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мобильді сараланған станция бөлімінің бастығы; 

АО «Ұлттық Ақпараттық Технологиялар» АҚ электрондық үкімет құзыреті орталығының бас талдаушысы;

«Ұлттық медициналық    холдинг» АҚ жанындағы «Демеу-УМХ» ЖШС Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры;

«Медициналық технологиялар және ақпараттық технологиялар орталығы» АҚ ақпараттық жүйелер бойынша кеңесшісі»;

«Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ Алдыңғы қатарлы технологиялар және инновациялар департаментінің директоры;

ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары;

ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК бас директорының м.а.;

ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры.

2018 жылғы 6 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Вице-министрі болып тағайындалды.