Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Порту университетіне академиялық ұтқырлық

Порту университетіне академиялық ұтқырлық

03 Наурыз 2017

Мен сіздермен өзімнің Португалияның Порту университетінде   Erasmus+/Mobile+ бағдарламасы бойынша академиялық ұтқырлықтан өту тәжірибеммен бөлісемін қуаныштымын. Бағдарлама туралы біздің университеттің ресми сайтынан біліп, өзімнің күшімді сынағым келді. 

Ол кезде университет туралы білмедім, сондықтан менің бірінші қадамым онымен жақынырақ танысу болды. Порту университеті Португалияда жоғарғы оқу орындарының рейтингісінде жетекші позициялардың бірін алады және Еуропаның 100 үздік университеттерінің қатарына енеді. Ол өзінің көп жылдық тарихымен және халықаралық бағдарламаларға қатысуымен әйгілі, сондықтан қазіргі күнге дейін студенттер бірлестіктері арасында танымал болып қалуда. 

2016 жылы Порту университеті екі жақтық ынтымақтастық шеңберінде біздің университеттің магистратура және докторантура мамандықтары бойынша білім алушыларына өз есігін ашты. 

Мен Порту университетінде 2016-2017 жылдың бірінші семестрі аралығында магистратураның «Медицина» мамандығы бойынша білім алдым.   Оқу португал тілінде өткізілді, кейбір емтихандарды ағылшын тілінде тапсыруға рұқсат етілді. Оқу үдерісі сабақ үлгерімін ретті бақылаумен қарқынды түрде жүреді, сондықтан студенттің шектен тыс талаптануын қажет етеді. Шәкіртақының берілуі емтиханда көрсетілген нәтижелерге тікелей байланысты. Менің сабақ кестемде «Нефрология», «Гастроэнтерология», «Жұқпалы аурулар», «Ревматология», «Психиатрия» және «Онкологиядағы морфологиялық патология» тәрізді клиникалық пәндер басым болды.  Ал «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистратура және докторантура бағдарламалары ағылшын тілінде оқытылады және медициналық статистика, эпидемиология және менеджмент мәселелерін басым талдайды.  Оқытылған пәндер менің клиницист, оқытушы және зерттеуші ретінде кәсіптік дағдыларымды жетілдіруге көмектесті, себебі сабақтарда зерттеу нәтижелерін талдау мен талқылау жүргізілді. 

Порту университетінде оқу тәжірибесі маған ағылшын тілін жетілдіруге, базалық португал тілін меңгеруге, көптеген адамдармен және олардың мәдениетімен танысуға, күйзеліс жағдайларымен күресе білуді үйренуге мүмкіндік берді.   

Осы алынған тәжірибе менің кәсіптік даму жолымда маңызды орын алды, бірақ бұл біздің университеттің басшыларының қолдауынсыз мүмкін болмас еді. Мен университет ректоры Р.С.Досмағамбетоваға, проректоры А.А.Турмухамбетоваға, халықаралық ынтымақтастық және Болон процесі бөлімінің барлық қызметкерлеріне, сонымен қатар, ғылыми жетекшім Е.М.Ларюшинаға, №2 ішкі аурулар кафедрасының ұжымына және достарыма қолдаулары мен күшіме сенім білдіргендері үшін алғыс білдіремін.  

Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!

Назира Алибаева

2 – ші жыл магистранты  


0
7727

пікірлер

пікір қалдыру үшін.