Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Кафедралар
Морфология кафедрасы

Морфология кафедрасы

Морфология кафедрасы

«ҚМУ» КеАҚ Сенатының шешіміне сәйкес 2023 жылы анатомия, гистология және патологиялық анатомия кафедраларын біріктіру арқылы «Морфология» кафедрасы ұйымдастырылды.

«ҚМУ» КеАҚ конкурстық комиссиясының 2023 жылғы 01 қыркүйектегі № 352 бұйрығымен кафедраны қауымдастырылған профессор, PhD Л.М. Стабаева басқарады.

   Кафедра ұжымы 36 адамнан тұрады:

  профессорлар: м.ғ.д. М.М. Түсіпбекова, С.А. Мұсабекова, Г.У. Жанайдарова; Қауымдастырылған профессорлар: Н.Н. Наурызов, С.Ш. Атшабарова, З.Т. Мұхаметжанова, К.Т. Нұрсейтова, Р.Ж. Есімова, ассистент-профессорлар: О.А. Костылева, С.Н. Журавлев, Д.Л. Косицын, Е.А. Котов,Г.Н. Иманбаева, Р.Ж. Нығызбаева, И. Мухаммад,  Қ.Қ. Қайырбекова, Р.Т. Кәрібжанова, Г.Б. Шапатова, Б.С. Құсаинова, Е.Х. Батяева,  И.А. Агаркова, С.Н. Шайкина, А.Т. Коржумбаева, Б.Х. Берікбаева, Г.К. Төлеуова,  С.А. Көшербаев, Т.С. Бейсенов; оқытушылар: Р.М. Дусмаилов; әдіскер: Б.Ж. Рахимбаева; офис-менеджерлер: Т.А. Ли, Г.Е. Жұмағұлова, А.Е. Батырбекова; зертханашылар: Л.И. Барышева, Е.С. Крутина.  

Стабаева Лейла Медеубайқызы – І біліктілік санатты дәрігер-патологанатом болып табылады, Қарағанды қ «Облыстық медициналық орталық» ШЖҚ КМК аутопсиялық, операциялық және биопсиялық материалды морфологиялық диагностикалаудың күрделі мәселелері бойынша ресми кеңесшісі, Қарағанды қ. «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК,  Кәсіптік денсаулық клиникасы, «ҚМУ» КеАҚ «Медицина» және «Мейіргер ғылымы» диссертациялық кеңесінің ғылыми хатшысы, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау комиссиясының мүшесі. Еңбек жолын 2005 жылы патфизиология және валеология кафедрасының оқытушысы ретінде Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында бастады, 2009 жылдан ҚММУ Патологиялық анатомия және Сот медицинасы кафедрасының ассистенті болып бастады. 2015 жылы «Патологиялық анатомия, оның ішінде балалар анатомиясы» мамандығы бойынша резидентураны бітірді. 2019 жылы PhD докторантураны бітірді. 2020 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың тамызына дейін кафедраларды біріктіргеннен кейін «ҚМУ» КеАҚ Патология кафедрасының қауымдастырылған профессоры қызметін атқарды. Өкпенің гранулематозды ауруларын дифференциалды диагностикалау мәселелері саласындағы ғылыми қызметпен белсенді айналысады. 30-дан астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде нөлдік емес импакт-факторы бар басылымдарда, ҚР көп жылдар бойы кіретін басылымдарда жарияланымдардың, 2 оқу-әдістемелік құралдардың, зияткерлік меншікті тіркеу туралы 6 куәліктің, 6 енгізу актісінің авторы, сондай-ақ «Жалпы патологиялық үрдістердің морфологиялық атласы» және «Клиникалық патоморфология бойынша басшылық» сияқты оқу құралдарының авторы болып табылады. TBL, CBL, майнд-мэппинг - түрінде сабақтар жүргізе алады.Сабақ жүргізу тілдері – қазақ, орыс және ағылшын.

E-mail:Stabaeva@qmu.kz  

Түсіпбекова Майда Масхапқызымедицина ғылымдарының докторы, профессор. 1966 жылдан бастап ҚММИ-нде жұмыс істейді, 1998 жылдан 2018 жылға дейін патологиялық анатомия кафедрасын басқарды. ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің тәуелсіз сарапшысы, жоғары біліктілік санатты дәрігер-патологанатом, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық медициналық қызметті бақылау комитетінің тәуелсіз аккредиттелген сарапшысы, Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасының этикалық мәселелер және қоғамдық шағымдар жөніндегі комиссиясының мүшесі болып табылады. 2009 жылы «ҚР үздік мұғалімі» грантының иегері, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен, «Еңбек ардагері» медалімен, «Қазақстан Республикасының білім берудегі құрметті қызметкері» төс белгісімен, сонымен қатар 2015 ж. «Хирургия саласындағы үздік дәрігер»,  2016 ж. «Үздік профессор», 2012ж. «Үздік кафедраның меңгерушісі» дипломдарымен марапатталған.2015 жылы ҚММУ-нің дамуына қосқан үлесі үшін П.М. Поспелов атындағы медалімен марапатталды. 
438 басылымы бар: 148 басылымдары ҚР БҒМ тізіміне енгізілген; ИМПАКТ - факторы бар журналдарда 14 басылым (Springer - 2.6, Thomson Reuters - 1.9); 23 монография,  5 көркем шығармалар,  29 оқу-әдістемелік нұсқау. Ойлап тапқыштық 6 авторлық патенті, 29 зияткерлік меншікті тіркеу туралы куәліктер бар. Ғылыми мамандар дайындап шығарды: 3 медицина ғылымдарының докторы, 7 медицина ғылымдарының кандидаты; 9 PhD-докторлық «Медицина» мамандығы бойынша, «Медицина» мамандығы бойынша  10 магистр, Патологиялық анатомия мамандығы бойынша 5 резидент. Сабақ жүргізу тілдері - орыс, қазақ. E-mail: M.Tusupbekova@qmu.kz
Мұсабекова Сауле Амангелдіқызы - медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, жоғары педагогикалық санаты бар, жоғары біліктілік санатты дәрігер-сарапшы, ғылыми қызығушылығы – сот – медицина сараптамасында молекулалық-генетикалық талдау.«Емдеу ісі» мамандығы бойынша 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын бітірді. 2005 жылы «Заманауи синтетикалық жуғыш құралдарды пайдалана отырып жуудан кейін физикалық дәлелдер бойынша қанның дақтарын сот-биологиялық сараптау» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 1997 жылдан бастап 2016 жылдың 31 наурызына дейін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» РМҚК Қарағанды филиалында жұмыс істеді, алдымен физикалық дәлелдемелерді сараптаушы, содан кейін сот-биологиялық бөлімінің бастығы.2016 жылдың 1 сәуірінен бастап «ҚМУ» КеАҚ қызмет атқарады. Сауле Амангельдиевна дәріс және тәжірбиелік сабақтарды жүргізуден басқа, ғылыми жұмыстарменде белсенді айналысады. 70-тен астам ғылыми еңбектер мен жарияланымдардың, оның ішінде нөлдік емес импакт факторы бар басылымдардың авторы, 1 оқулық пен 6 оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Сабақ жүргізу тілдері – қазақ, орыс және ағылшын.  E-mail:MusabekovaS@qmu.kz

Костылева Ольга Андреевна - ассистент-профессор, жоғарғы біліктілік санатты дәрігер-патологанатом,  ғылыми қызығушылығы – жатыр, жатыр түтігі, аналық без операциялық-биопсиялық материалдары бойынша әйел жыныс мүшелерінің патологиясын зерттеу. Сабақ жүргізу тілі – орыс. E-mail: Kostyleva@qmu.kz

Косицын Денис Леонидович –ассистент-профессор,  жоғарғы біліктілік санатты дәрігер-патологанатом, ғылыми қызығушылығы – жатыр мойнының эксцизиясы операциялық материалы бойынша цервикальды интраэпителиальды неоплазияны зерттеу. Сабақ жүргізу тілі – орыс. E-mail: Kosicyn@qmu.kz.

Нығызбаева Райхан Жақсылыққызы – ассистент-профессор, жоғарғы біліктілік санатты дәрігер-патологанатом, медицина магистрі. Ғылыми-педагогикалық магистратураны аяқтады, Медицина магистрі дәрежесін алды. 30-дан астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде нөлдік емес импакт-факторы бар басылымдарда, ҚР көп жылдар бойы кіретін басылымдарда жарияланымдардың, 2 оқу-әдістемелік құралдардың, зияткерлік меншікті тіркеу туралы 6 куәліктің, 6 енгізу актісінің авторы, сондай-ақ «Жалпы патологиялық үрдістердің морфологиялық атласы» және «Клиникалық патоморфология бойынша басшылық» сияқты оқу құралдарының авторы болып табылады. TBL, CBL, майнд-мэппинг - түрінде сабақтар жүргізе алады. Сабақ жүргізу тілі – қазақ. E-mail: Nygyzbaeva@qmu.kz.

Котов Евгений Александрович - ассистент-профессор, І біліктілік санатты дәрігер-патологанатом.Ғылыми қызығушылығы - бас сүйегінің сүйек қосылыстарының жыныстық диморфизмін зерттеу. TBL, CBL, майнд-мэппинг - түрінде сабақтар жүргізе алады. Сабақ жүргізу тілі – орыс. E-mail: Kotov@qmu.kz  

 

Иманбаева Гүлназира Назымхикматқызы - ассистент-профессор, І біліктілік санатты дәрігер-патологанатом, ғылыми қызығушылығы – ӨИА клиникалық-морфологиялық түрлері. Патологиялық анатомия бойынша резидентураны бітірген.  30-дан астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде нөлдік емес импакт-факторы бар басылымдарда, ҚР көп жылдар бойы кіретін басылымдарда жарияланымдардың, 2 оқу-әдістемелік құралдардың, зияткерлік меншікті тіркеу туралы 6 куәліктің, 6 енгізу актісінің авторы, сондай-ақ «Жалпы патологиялық үрдістердің морфологиялық атласы» және «Клиникалық патоморфология бойынша басшылық» сияқты оқу құралдарының авторы болып табылады. TBL, CBL, майнд-мэппинг - түрінде сабақтар жүргізе алады. Сабақ жүргізу тілі – қазақ, орыс, ағылшын. E-mail: Imanbaeva@qmu.kz

Дусмаилов Рахымжан Мендашевич - оқытушыІ біліктілік санатты дәрігер-сот-медициналық сарапшы, ғылыми қызығушылығы – көлік жарақатының сараптамасы. Сабақ жүргізу тілі – қазақ, орыс. E-mail: Dusmailov@qmu.kz  

Мухаммад Ирфан – ассистент-профессор, дәрігер-патологоанатом. Педагогика бойынша 6 құзыреттілікті, интеграцияланған және инновациялық білім берудің түрлерін меңгерген.  Сабақ жүргізу тілі –  ағылшын. E-mail: MuhammadI@qmu.kz.

Журавлев Сергей Николаевич –  ассистент-профессор, медицина магистрі, дәрігер-сот-медициналық сарапшысы, Морфология кафедрасының оқу-ісінің меңгерушісі. «Патологиялық анатомия» бойынша студенттердің ғылыми үйірмесінің жетекшісі. Ғылыми қызығушылығы – ми тамырларының мальформациясының морфологиялық диагностикасы. Ғылыми-педагогикалық магистратураны аяқтады, Медицина магистрі дәрежесін алды. Сабақ жүргізу тілдері – орыс, ағылшын. E-mail: Zhuravlev@qmu.kz

Патологиялық анатомия кафедрасы 1951 жылы ұйымдастырылған, кафедраның бірінші меңгерушісі Қарағанды көмір бассейінінің шаңды патологиясының патоморфологиялық аспектілерін зерттеушілердің бірі профессор Сергей Федорович Серов болды. Кейіннен әр жылдары кафедра меңгерушісі проф. Х.С. Нұғманова (1956-1975ж.), проф. А.Э Шкутин (1975-1985ж.), доцент Р.Х. Әкімжанов (1985-1996ж.), гистология мен патологиялық анатомия кафедраларын біріктіргеннен кейін патологиялық анатомия курсын доцент М.Т. Айтков (1996-98ж.) басқарды.

1998 жылдан 2018 жылға дейін патологиялық анатомия кафедрасының меңгерушісі қызметін Түсіпбекова Майда Масхапқызы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ғылыми-педагогикалық және дәрігер қызметіндегі еңбек өтілімі 45 жыл.

Оқу үрдісіндекомпьютерленген «Leica Microsystems» микроскоп гистологиялық препараттардың  түрлі-түсті микросуреттер түсіретін,  мультимедиялық жүйелер, оқу үрдісіне арналған бейнефильмдер және оқытудағы инновациялық технологиялар PBL, CBL, TBL,  майнд-мэпинг қолданылады.

Кафедра қызметкерлерімен 4 докторлық (С.Ф. Серов, Х.С. Нұғманова, А.Э. Шкутин, М.М. Түсіпбекова) және 15 кандидаттық диссертация қорғалды, 25 монография, 52 оқу-әдістемелік нұсқа басылды, ғылыми жұмыстар жинағы шығарылды, 3500-ден артық ғылыми мақалалар және тезистар жарық көрді. Ғылыми зерттеулер нәтижелері алыс шет мемлекеттерінде және ТМД елдерінде өткен халықаралық форумдарда, республикалық съездерде, симпозиумдарда және конференцияларда баяндалды.

  Терапия, хирургия, педиатрия, гинекология, гигиена және стоматологиялық пәндер кафедрасының ізденушілерімен мен кафедра қызметкерлерінің тікелей жұмыс жасауы нәтижесінде 8 докторлық және 35 кандидаттық,  5 PhD және 12 магистрлік диссертациялар қорғалды.

Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы патологанатомиялық бөлімдерінде «Облыстық медициналық орталығы» ҚМК; «Облыстық клиникалық балалар ауруханасы» ҚМК; «Облыстық клиникалық аурухана» ҚМК, «Сот-медицина сараптамасы орталығының Қарағандыдағы филиалы» РҚМК әрдайым консультативті-диагностикалық жұмыстар атқарады.

60da710e88afd7d939e8f81ef2169341

a9751c719aba27bca12d04bea5a95593

2a42c6831613b285e16185dba32afb19

dfc39e180f6a428664f07d5a9e2d7751

Анатомия блогы

Топографиялық анатомия және оперативтік хирургия кафедрасы 1951 жылы құрылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі профессор А.И. Лаббок. 1952 жылдан 1960 жылға дейін кафедра меңгерушісі Е.М. Медведев болды. 1962 жылдан 1971 жылға дейін кафедраны қайта профессор А.И. Лаббок басқарды. 1971 жылдан 1976 жылға дейін, содан кейін 1984 жылдан 1989 жылға дейін кафедраны, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қарағанды ​​мемлекеттік медицина институтының ректоры (1984-1989 жж) Н.А. Хлопов басқарды. 1990 жылдан бастап кафедра осы кісінің атымен аталады. 1976 жылдан 1984 жылға дейін кафедраны Республиканың еңбек сіңірген дәрігері, т.ғ.д., профессор Т.Г. Чернов басқарады. 1990-1992 жылдары кафедра меңгерушісі м.ғ.д. П.С. Сычев болды. 1993-1996 жылдары доцент Ш.К. Базарбеков. 1996 жылдан 2007 жылға дейін кафедраны доцент К.К. Капенова басқарды.  

ddb1c80b5d424fe5c418447cda49a72e

Қалыпты анатомия кафедрасының іргесін қалаушы медицина ғылымдарының докторы, профессор Моисей Маркович Тростанецкий (1950 ж.), денсаулық сақтау саласына үлкен үлес қосқаны үшін  «Отличник здравоохранения» төс белгісімен марапатталған. Сол жылы анатомиялық мұражай да құрылды. 1951 жылы кафедраның меңгерушісі медицина ғылымының докторы, профессор Абрам Иосифович Лаббок болды, денсаулық сақтау саласына үлкен үлес қосқаны үшін «Отличник здравоохранения» төс белгісімен марапатталған. 1951 жылдың сәуірінен 1964 жылға дейін кафедра меңгерушісі болып медицина ғылымының докторы, профессор Зиновий Герасимович Слободин қызмет етті.  1964 жылдан 1969 жылға дейін қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі болып медицина ғылымдарының докторы, профессор Белла Михайловна Эрез қызмет етті. 1969 жылдан 1990 жылға дейін кафедраны медицина ғылымының докторы, профессор Любовь Сергеевна Кочкина басқарды, денсаулық сақтау саласына үлкен үлес қосқаны үшін  «Отличник здравоохранения» төс белгісімен марапатталды. 1990 жылдан 2007 жылға дейін қалыпты анатомия кафедрасын медицина ғылымының кандидаты, доцент Мұхамедия Ермекович Тебенов басқарды, денсаулық сақтау саласына үлкен үлес қосқаны үшін  «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, үзақ жылдары бойы елеулі еңбек еткені үшін, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрметті мақтау қағазымен, 2004 жылы ҚММА профессорлық-оқытушылар құрамының рейтингтік қызметінің бағасы бойынша «Үздік дәріскер» дипломымен  марапатталды.

ba6421420b6384bd37ce35447d7447c8

2007- 2008 оқу жылында қалыпты анатомия кафедрасы топографиялық анатомия және оперативтік хирургия кафедрасымен қосылып «Анатомия» кафедрасы болып аталды.

2007 жылдан  2008 жылға дейін  анатомия кафедрасын медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Қамария Қабдешқызы Капенова басқарды, денсаулық сақтау саласына үлкен үлес қосқаны үшін «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, ұзақ жылдары бойы елеулі еңбек еткені үшін, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрметті мақтау қағазымен марапатталды. 2008 жылдан 2009 жылға дейін анатомия кафедрасының меңгерушісінің міндетін атқарушысы аға оқытушы  Қарлығаш Қайырбековна Қайырбекова болды. 2009 жылдан 2010 жыл аралығында кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы болып, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Ауэзхан Омарханұлы Омарханов тағайындалды, денсаулық сақтау саласына үлкен үлес қосқаны үшін «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, ұзақ жылдары бойы елеулі еңбек еткені үшін «Ветеран труда» алқасымен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрметті мақтау қағазымен, Республика тұрғындарына емдеу-профилактикалық көмек ұйымдастыруда үлкен үлес қосқаны үшін мақтау қағазымен марапатталды. 2010-2023 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі м.ғ.к. Нұрлан Нығметұлы Наурызов болды.

Кафедраның негізгі ғылыми бағыты алдымен жанама қанайналыс және симпатикалық нерв жүйесінің топографиялық анатомиясының сұрақтары, заманауи хирургиясы  және радиобиологияның өзекті мәселелері: жедел хирургиялық инфекцияны алдын алу және емдеу жаңа тәсілдерін іздену және өңдеу болды.

Кафедраның қызметкерлерімен бірнеше бағытта ізденістер жүргізілді: әртүрлі метаболиттік және патофизиологиялық бұзылыстардың патогенезін зерттеу, осы патологиялық процесстер кезінде ішкі ағзалардың микроциркуляторлық және  гемодинамикалық өзгерістері және морфологиясы.

Сонымен қатар, эксперимент жүзінде және клиникада эндогендік интоксикация синдромының емдеу тәсілдері апробациядан өтті. Осы ғылыми бағытта профессор  Н.А. Хлоповтың жетекшілігімен 1 докторлық, 9 кандидаттық диссертация қорғалды.

1966 жылдан бастап  кафедрада жаңа ғылыми зерттеу бағыттары дамыды: күрделі операциялардың әр түрлі ішкі ағзалар мен жүйелерге әсері және оларға  тиімді терапиялық түрлерін пайдалану. Нақтылап айтсақ, ішкі ағзаларды алып ауыстырудағы  ағзалардың қайтадан жетілуіне сыртқы қоршаған ортаның зиянды әсерін ескеру: қазіргі кездегі хирургия мен радиологияның маңызды мәселелері, көмір шаңы енгізілген өкпені әр түрлі вариантта алып тастау кезіндегі репаративті регенерация және тамыр ішіндегі қанға лазерлі терапия қолдану; ЖЖС-мен бауыр клеткасына әсер еткендегі митогенді және мутагенді цитологиялық бағалау.

Кафедраның негізгі жетістіктері: 2 докторлық, 25 кандидаттық диссертациялар қорғалды, 400-ге жуық ғылыми жұмыстар, 14 авторлық куәліктер, қазақ, орыс тілдерінде 5 монография, 5 оқу құралдары, 500-ден астам әдістемелік нұсқаулар басылып шығарылды.

Қазіргі уақытта кафедрада келесі оқытушылар жұмыс істейді:

Қауымдастырылған профессорлар: Нұрлан Нығметұлы Наурызов, Сауле Шаймұратқызы Атшабарова, Зәуреш Таңатқызы Мұхаметжанова; ассистентт-профессорлар: Қарлығаш Қайырбекқызы Қайырбекова, Роза Токетайқызы Кәрібжанова, Гүлмира Бөкейханқызы Шапатова, Багира Серіққызы Құсаинова, Елена Хаджимурзаевна Батяева, Инна Андреевна Агаркова, Саягүл Нұрмұханқызы Шайкина, Аққу Тауекелқызы Коржумбаева; офис-менеджер Әсем Есенжолқызы Батырбекова, зертханашы Елена Сергеевна Крутина.

Гистология блогы

Гисталогия кафедрасы 1951 жылда құрылған. 1950 жылдары ҚММИ-нің бірінші ректоры Петр Мойсеевич Поспеловтың шақыруымен Қарағанды қаласына Қазаннан   А.А. Зорина келіп және гистология бөлімін басқарды. Гистология кафедрасының ғылыми тақырыбы А.А Зоринаның жетекшілігімен аналық жыныс жүйесі мүшелерінің афферентті және эфферентті жүйкеленуін зерттеуге бағытталған. А.А Зоринаның жетекшілігімен 20 кандидаттық диссертация қорғалған, 270-тен астам ғылыми мақалалар жарыққа шыққан. Қазақстан Республикасының жетекші морфологы 250-ден астам ғылыми және әдістемелік еңбектердің авторы, халықаралық және республикалық баспасөзде, 3 монография, гистология бойынша типтік оқу бағдарламаларды жазған. Ғылыми бағыты: «Патологиядағы эмбрионалдық және постнатальды гистогенез», «Балалық шақтың патологиялық анатомиясы». Қазақ медициналық академиясының (Астана қ.) Докторлық диссертациялық кеңесінің мүшесі. 3 дәрігер, медицина ғылымдарының 22 кандидатын дайындады. ТМД елдерінде және Қазақстан Республикасындағы ғылыми топтардың жетекшісі. Профессор Куркин А.В. «Құрметті денсаулық» белгісімен және «Қазақстан республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталды. А.В. Куркиннің жетекшілігімен кафедраның ғылыми тақырыбы қалыпты және патология кезіндегі ұрықтың пренатальды гистогенезінің өзекті мәселелеріне, соның ішінде жүктілік кезіндегі алкоголизацияға байланысты ғылыми тақырыптарға арналған. Осы тақырып бойынша докторлық диссертациялар: М.М. Түсіпбекова «Сравнительная патология почек плодов и новорожденных при осложненной беременности у женщин центрального Казакстана» (1997 ж.); Г.У Жанайдарова «Эмбриональный и ранний постнатальный гистогенез сердечной мышцы при антенатальной интоксикации этанолом» (1997 ж.); Кандидаттық диссертациялар: М.М. Түсіпбекова (1988 ж.), В.А. Югай (1988 ж.),Э.А. Надиров (1991 ж.), П.М. Коваленко (1993 ж.), Б.Х. Мадиева (1993 ж.), В.И. Медведев (1993 ж.). Перинатальды интоксикация тақырыбына Р.Ж. Есімованың (2004 ж.),К.Т. Нұрсейтованың (2005 ж.) және т.б жұмыстары қорғалды. Профессор А.В. Куркиннің жетекшілігімен аспирантураны бітіріп, кандидаттық диссертациялар қорғалды: Унисьянова М.М., Кочерыжкина Н.А., Абзалиев К.А., Акашев Г.В., Рыбалкина Д.Х. және «Реактивность системы моноцит-макрофаг соединительной ткани при обезвоживании организма и коррекции гомеостаза антиоксидантами» тақырыбы бойынша Прошина Л.Г. докторлық диссертациясын қорғалды. А.В. Куркиннің жетекшілігімен 25 диссертация (3 докторлық және 22 кандидаттық) дайындалған және қорғалған, 2 монография басылып шығарылған, 400 астам ғылыми мақала жарыққа шыққан, өнертабысқа патент алынған. 2 адам магистратура бітіріп, магистрлік диссертацияларын қорғады.

Қазіргі уақытта кафедраның гистология блогында келесі оқытушылар жұмыс істейді:

м.ғ.д., профессор Г.У. Жанайдарова, қауымдастырылған профессорлар –  К.Т. Нұрсейтова, Р.Ж. Есімова; профессор-ассистенті – Б.Х. Берікбаева, С.А. Көшербаев, Т.С. Бейсенов, Г.К. Төлеуова, офис-менеджер - Ли Т.А. Гистология блогы бойынша оқу ісінің меңгерушісі м.ғ.к., қауымдастырылған профессор Нұрсейтова К.Т.

Нұрсейтова Күләш Тлеулесқызы - 1993 жылы ҚММИ санитарлық-гигиеналық факультетін «Санитария, гигиена, эпидемиология» мамандығы бойынша бітірген. 1993 жылдан бастап осы күнге дейін кафедрада жұмыс істейді. 2005 жылы профессор Куркин А.В. жетекшілігімен «Морфологическая характеристика печени плода при анемии беременных» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады, 03.00.25-гистология, цитология, жасушалық биология мамандығы бойынша. 2012 жылдан бастап кафедрада оқу ісінің меңгерушісі болып тағайындалды. 2017 жылдан бастап морфология және физиология кафедрасының қауымдастырылған профессоры. 50-ден астам жуық ғылыми еңбектері жарық көрді. 2009 және 2015 жылдары қазақ тілінде гистология бойынша 10 оқу құралын баспаханалық тәсілмен басып шығарды, Гистология бойынша 2 оқулық қазақ тілінде: «Эверо» басылымында «Гистология 2» және «ГЭОТАР-Медиа» басылымында 2014 жылы «Гистология, эмбриология, цитология» оқулығы және осы оқулықтың редакторы. 1917 жылы жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамын аттестациялау үшін гистология бойынша тесттерді әзірлеу жөніндегі ҚР ұлттық тестілеу орталығының комиссиясының мүшесі болып жұмыс істеді. 2022 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды.

Есімова Роза Жанатқызы - 1984 жылы ҚММИ санитарлық-гигиеналық факультетін «Санитария, гигиена, эпидемиология» мамандығы бойынша бітірген. Гистология кафедрасында 1991 жылдың тамызынан бастап оқытушы болып жұмыс істейді.  2004 жылы профессор Куркин А.В. жетекшілігімен мемлекеттік тілде кандидаттық диссертация қорғады - «Гестоз жағдайындағы даму кезеңіндегі адам ұрықтарының бауыр гистогенезі». 01.10.05 ж. бастап кафедра доценті, 2012 ж. қыркүйегінен 2017 ж. қыркүйегіне дейін конкурс бойынша гистология кафедрасының меңгерушісі болып сайланды.  2017 жылдың қыркүйегінен бастап морфология және физиология кафедрасының қауымдастырылған профессоры. 65-ке жуық ғылыми еңбектері жарық көрді, 2009 және 2015 жылдары қазақ тілінде гистология бойынша 10 оқу құралы - 2 баспаханалық ұсынысымен 2 гистология оқулығын баспаханалық тәсілмен басып шығарды: қазақ тілінде «Эверо» басылымында «Гистология 2» және «ГЭОТАР-Медиа» басылымында 2014 жылы кітаптың редакторымен «Гистология, эмбриология, цитология»  гистология оқулығының аудармасы жүргізілді.   Р.Ж. Есімованың жетекшілігімен 2 магистрлік диссертация және 1 докторлық диссертация қорғалды. 2015 жылы П.М. Поспелов атындағы «ҚММУ дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған. 2022 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталған.

Жанайдарова Галина Оразовна - 1970 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтына емдеу факультетіне оқуға түсіп, 1976 жылы үздік дипломмен (мамандығы: «Емдеу ісі») аяқтады. 1981 жылы Новосибирск медициналық институтының диссертациялық кеңесінде «Морфология нервно-мышечного аппарата дыхательных мышц при экспериментальной гипокинезии»тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 1982 жылдан ҚММИ гистология кафедрасының доценті.  1997 жылы«Эмбриональный и ранний постнатальный гистогенез сердечной мышцы при антенатальной интоксикации этанолом»тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. 1999 жылы ҚММА гистология кафедрасының профессоры лауазымына ауыстырылды. 2004 жылдан 2006 жылға дейін СГД кафедрасының профессоры, «Фемида» ОА кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2006 жылдан 2014 жылға дейін МБА мәдениетаралық коммуникациялар және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры болып жұмыс істеді. 2014 жылы ҚММУ-не гистология кафедрасының профессоры болып жұмысқа оралды. 2015 жылы «ҚММУ дамуына қосқан үлесі үшін» П.М. Поспелов атындағы медалімен, 2023 жылы «Денсаулық сақтау үздігі» төс белгісімен марапатталған.

Берікбаева Бақыт Хамзақызы - 1988 жылы ҚарМУ-ін «Биология» мамандығы бойынша бітірді. ҚММУ-нде 1990 жылдан бастап жұмыс істейді. 

Төлеуова Гүлхан Қайырбайқызы - 2005 жылы ҚарМУ-нің «Биология» факультетіне оқуға түсті.  2009 жылы дипломдық жұмысын қорғап, бакалавр дәрежесін алды. 2010 жылы ҚарМУ-нің «Биология» мамандығы бойынша магистратураға түсті. 2012 жылы магистрлік диссертациясын (диссертация тақырыбы: «Қоршаған ортаның қолайсыз факторларының өнеркәсіптік аймақтағы балалар денсаулығына әсері») қорғап, «Жаратылыстану ғылымдарының магистрі» дәрежесін алды. 2014 жылы анатомия кафедрасына оқытушы болып жұмысқа қабылданды. 2018 жылы кафедралардың бірігуіне байланысты (анатомия, физиология және гистология) гистологияға ауыстырылды. 2021 жылы «Проблемалық-бағдарланған оқыту үшін тьюторлардың базалық курсы» сертификатын алды және оқытушы-тьютор лауазымына ауыстырылды.  2022 жылы ПОҚ аттестаттаудан өткеннен кейін ассистент-профессор лауазымына ауыстырылды.

Бейсенов Тимур Советұлы -  2007 жылы ҚММА («Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы) оқуға түсіп, 2012 жылы бітірді. 2012 жылы магистратураға түсті («ҚД» мамандығы бойынша), 2013 жылы «Жасөспірім қыздардың репродуктивті денсаулығының ерекшеліктері» тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғады. 2016 жылы гистология кафедрасының оқытушысы лауазымына қабылданды (оқытуды ағылшын тілінде жүргізеді). 2022 жылы ПОҚ аттестаттаудан өткеннен кейін ассистент - профессор лауазымына ауыстырылды.

Көшербаев Сұлтан Асанбайұлы - 2012 ж ҚарМУ Бакалавр. 2014 ж КарМУ магистр. 6М060700-Биология. Магистрлік диссертацияның тақырыбы: Қарқынды оқу үрдісінде оқитын оқушылардың психо-физиологиялық ерекшелігі. 2014ж ҚММУ оқытушысы. 2020-2023ж 8D05101 - Биология. Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ, Докторант. Докторлық диссертацияның тақырыбы: Топырақтағы табиғи және техногендік геохимиялық ауытқулардың табиғи және антропогендік-басқарылатын өсімдіктер бірлестіктерінің тұрақтылығы мен биоалуан түрлілігіне әсері (Қарағанды қаласы және Қарағанды облысының қорықтары мысалында). 2023ж ҚМУ Ассистент-профессоры.

e439f865ae7d0eabb31c7f32e0bf1019

fef5ddb581479f8b2499ffd04ee0c1e0

Кафедраның мекен-жайы: 100000, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Алалыкин көшесі, 7, тел. 8 (7212) 500642 (ішкі 1243, 1237, 1368). №7 автобус, «Гагарин алаңы» аялдамасы.