Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім
Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім

Мемлекеттiк жастар саясаты саласында орындалған шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында университетте «Жастармен жұмыс жөніндегі бөлiм» жұмыс iстейдi.

  Студенттердің адамгершілік-патриоттық тәрбие саласындағы университеттің саясатын жүзеге асыру, жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бөлімнің негізгі мақсаты болып табылады.

  Бөлім – бөлім басшысынан, мамандардан, дыбыс оператор және үйірме жетекшілерінен тұрады. Олардың әрқайсысы университетте тәрбие жұмысы мен жастар саясатын жүзеге асыруға өз үлесін қосады, шығармашылық жастарды қолдайдап, болашақ дәрігерлердің патриоттық және азаматтық қасиеттерін қалыптастыруға қатысады. Өз жұмысында ЖЖЖБ университеттің мектептерімен, кафедраларымен, студенттік өзін-өзі басқару органдарымен өзара байланыс жасайды.

  Бөлім өз жұмысын келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:

1. Студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын, жаңа қазақстандық патриотизмді, әлеуметтік жауапкершілікті, жоғары рухани-адамгершілік және құқықтық мәдениетті қалыптастыру және дамыту.

2. Студенттік ортада мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен «Мәңгілік Ел» патриоттық акт идеяларын дамыту. Студенттер арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру.

3. Студенттік ортада жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

4. Бәсекелестік ортада тұлғаның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру.

5. Болашақ маман тұлғасының адамгершілік және эстетикалық қасиеттерін дамыту, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

6. Қарым-қатынас пен корпоративті мәдениетті қалыптастыру.

7. Салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдыларын дамыту, кәсіби міндеттерін орындауға ықпал ететін жеке қасиеттерді тәрбиелеу.

8. Экстремизм идеясына және деструктивті қозғалыстардың әсеріне төтеп беруге мүмкіндік беретін әлеуметтік-саяси қасиеттерді дамыту.

9. Студенттердің ерікті қозғалысын ұйымдастыру.

  Бөлім қызметкерлері:

1.  Унгарбаева Айгуль Аманжоловна – бөлім бастығы

2.  Милаева Ирина Ивановна – бөлім маманы

3.  Тухметов Арман Каиржанович – бөлім маманы.

4. Лукьянов Дмитрий Юрьевич – бөлім маманы

5.  Нупбаева Жанель Сейсенбайқызы – бөлім маманы.

6.  Мухаметжанова Айдана Рахмановна – бөлім маманы.

7.  Машрапова Аққу Сейфуллиновна – бөлім маманы.

  Студенттердің шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру үшін бөлім 13 шығармашылық үйірмелер мен клубтардың жұмыстарын ұйымдастырады:

1.  «Golden step» би театры - жетекшісі Дуйсенбаев Еламан Кобейсинович 

2. «Қаракөз» халықтық шығыс билер ансамблі– жетекшісі Әбдіназар Камила Нұрланқызы

3.  Вокал үйірмесі – жетекшісі Ералиева Дана Ералықызы

4.  Театр өнері үйірмесі – жетекшісі Алексеенко Ксения Алексеевна

5.  Домбыра оркестрі – жетекшісі Айсакова Тогжан Гайдаровна

6.  «Жүректің үні» студенттік хоры – жетекшісі Поверникова Татьяна Дмитриевна

7. «Күлкі синдромы» көңілді тапқырлар клубы КТК (казақша лига) – капитаны Абдрашев Айбол Қалижанұлы

8. «Клиника смеха» көңілді тапқырлар клубы (орыс лигасы) – капитаны Бекмағамбет Батырлан Жұмажанұлы

9. «Жыр Жауһар» студенттік авторлы-ақындық клубы - жетекшісі Берістем Бекзат Кенжебекұлы

10.  «Конферансье» үйірмесі – жетекшісі Игенбекова Адина 

11.  Бейнелеу өнері үйірмесі – жетекшісі Амангелди Аружан Ерланқызы

12. «New Wave» заманауи билер үйірмесі - жетекшісі Алимуканов Алишер  Қайратұлы

13.  «KMU-Life» жас журналисттер клубы– Қибаш Жансая Елдосқызы

     

  Студенттік өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру және студенттер арасында белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру аясында университетте 15 студенттік бірлестіктер мен клубтар жұмыс істейді:

1. «Самұрык» студенттік республикасы - президенті Райбаев Әділет Құмарбекұлы

2. «KazMSA» Қазақстанның медицина жастарының қауымдастығы» жергілікті комитеті - төрағасы Бекенова Ақмарал Маратқызы

3. «Қазақстан студенттерінің альянсы» республикалық қозғалыстың жергілікті комитеті - төрағасы Орынбасар Дінмұхамет Жасаралұлы

4. Студенттерді қолдау қызметі - жетекшісі Райбаев Әділет Құмарбекұлы 5.  Ынталы студенттер клубы – жетекшісі Батырбек Сара Бақытбекқызы

6. «Next Generation» еріктілер ұйымы – жетекшісі Султанова Марина Салимовна

7. «Enactus KMU» командасы - капитаны Коробейников Тимур Сергеевич

8. «Саналы ұрпақ» студенттік клубы – жетекшісі Танатар Арайлым

9. «Жұлдыз» жастардың денсаулық орталығы - жетекшісі Жаңабайқызы Салтанат

10. «Намыс» пікірталас клубы(қазақ лигасы) – жетекшісі Насырова Дана Үселханқызы

11. «Insight» пікірталас клубы(орыс лигасы) - жетекшісі Савельев Артаем Федорович

12. «Ақжүніс» қыздар клубы - жетекшісі Елемесова Аида Мухаметқызы

13. Студенттік ғылыми қоғам – жетекшісі Амангелди Аружан Ерланқызы

14.  «Med talks» зияткерлік алаңы – жетекшісі Бекенова Ақмарал Маратқызы

15. «StudMed volunteers» еріктілер ұйымы – жетекшісі Турсумбеков Тамерлан Ровшанович

  Студенттердің өзін-өзі басқару комитеті (СӨӨБК) – студент жастардың қоғамдық бастамаларын қолдауға, әлеуметтік белсенділікті арттыруға бағытталған студенттердің бастамашылық, тәуелсіз қоғамдық қызметі.  Студенттердің СӨӨБК жұмысына қатысуы басқару дағдыларын дамытуға, студенттердің кәсіби, мәдени және моральдық өзін-өзі ұйымдастыру мүмкіндіктеріне және болашағына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға көмектеседі.

  СӨӨБК құрылымына кіреді: «Самұрық» Студенттік Республикасы, СӨӨБК факультеттері мен СӨӨБК жатақханалары.

  «Самұрық» Студенттік Республикасы – ҚМУ-да студенттердің өзін-өзі басқарудың өкілді органы, қызмет мақсаттары мен мазмұны университеттің басшылығына білім беру, тәрбие және жастар саясатын жүргізуге көмектесуді қамтиды.

СӨӨБК мектептері мен факультеттері - бұл университеттің әкімшілігіне мектептер мен факультеттерде білім беру, тәрбие және жастар саясатын жүргізуге көмектесетін студенттік өзін-өзі басқару органы.

  СӨӨБК жатақханалары, студенттердің жатақханаларда тұратын өмірін және әл-ауқатын жақсарту мәселелерін шешуге арналған және осы саладағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласындағы студенттік басқару органы болып табылады.

   СӨӨБК жатақханаларының төрағалары:

1.  №1 СӨӨБК жатақханасы – төрағасы Пилалова Шахзада Назарбековна

2.  №2 СӨӨБК жатақханасы – төрағасы Ермекбаева Алуа Асетовна

3.  №3 СӨӨБК жатақханасы – төрағасы Сырлан Саят Ерболұлы

4.  №4 СӨӨБК жатақханасы – төрағасы Думанова Хамаиль Айдынқызы

5.  №6 СӨӨБК жатақханасы – төрағасы Сандыбаева Айнура Кайратовна

6. №7 СӨӨБК жатақханасы – төрағасы Остроглядова Анастасия Сергеевна.

  Ерікті ұлттық команда - құқық бұзушылықтардың алдын алу, оқытушылардың, қызметкерлер мен студенттердің құқықтарын және заңды мүдделерін университеттің аумағында қылмыстық құқық бұзушылықтардан қорғау жөніндегі жұмысты жүргізеді. «KazMSA» Қазақстанның медицина жастарының қауымдастығы» жергілікті комитеті - болашақ дәрігерлерге дүниежүзілік денсаулық сақтаудың мақсаттары туралы түсінік беру үшін құрылған саяси емес коммерциялық емес ұйым.

  Бұл іс-шаралар мүгедектердің құқықтарын қорғауға, ЖИТС-тің алдын-алу іс-шаралары, онкологиялық ауруларды ерте анықтауға және т.б. бағытталған. «KazMSA» жергілікті комитеті волонтерлік жұмыс пен қайырымдылықты насихаттаумен айналысады.

   «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық қозғалыстың жергілікті комитетінің қызметі бірінші кезекте студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған. Альянстың жұмысының басым бағыттары ҚМУ-нің қаланың, облыстың және басқа да білім беру мекемелерімен қарым-қатынастарын жақсартуға, және де «Қазақстан студенттерінің альянсы» негізгі жобаларын жүзеге асыруға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, қайырымдылық іс-шаралары, студенттердің өзін-өзі дамыту, іс-шаралар болып табылады.   

  Университетте келесі бағыттар бойынша жұмыс жасайтын «Самұрық» студенттік республикасы құрылды және табысты жұмыс істеп келеді: мәдениет, ғылым, білім, спорт, әлеуметтік жұмыс, студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау, діни экстремизмнің алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру.

  «Самұрық» студенттік республикасы университеттің әкімшілігі мен оның құрылымдық бөлімшелерімен белсенді ынтымақтастық жүргізеді. Қазіргі уақытта республиканың үкіметі 6 министрлікке ұсынылған, оның ішінде оқу жұмысы жөніндегі министрлігі, ғылым, мәдениет, ақпарат, спорт және ұйымдастыру жұмысы жөніндегі министрлігі.

  Ынталы студенттер клубы (ЫСК) өз қатарында университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысатын, әлеуметтік белсенді жігіттер мен қыздарды біріктіреді. ЫСК оқудан тыс әртүрлі іс-шараларды, ашық есіктер күндерін, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді. Клубтың міндеттеріне университеттің еріктілер қозғалысының дамуын қамтуы кіреді.

   «Ақжүніс» қыздар клубының мүшелері «Ана үйі» қалалық дағдарыс орталығында жұмыс істейді. Жобаның басты мақсаты: қиын өмірлік жағдайларға тап болған жас аналарға көмектесу, сондай-ақ жалғызбасты аналарға қолдау көрсету.

  Клуб мүшелерінің өз алдына қойған міндеттері:

-  әр қыздың жеке оң қасиеттерін арттыру;

-  университетте оқуды одан әрі қаныққан және қызықтырақ ету;

-  әртүрлі іс-шаралар, байқаулар, мастер-класстар өткізу

Студенттердің жан-жақты дамуы мақсатында университетте «KMU-life» жас журналисттер клубы құрылды.

   «KMU-Life» университет жаңалықтарының визуализациясына бағытталған. Клубтың міндеттеріне кіреді: көрерменге ақпараттың объективті жетуі, мәтінді ақпаратты бейне роликтарға ауыстыру, көрерменге алдағы және өткен оқиғаларды жеткізуге мүмкіндік беру.

   «Жұлдыз» денсаулық орталығының басты мақсаты - ҚМУ студенттерін халық арасында салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру, денсаулықты нығайту мен сақтау, аурулардың алдын алу саласында волонтерлық қозғалысымен таныстыру. Сондай-ақ орталықтың белсенділері «ҚМУ өмірінің парақтары», «Вакцинамен сапалы өмір» және т.б. дөңгелек үстелдерін өткізуді ұйымдастырады.