Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Хабарландыру

Хабарландыру

09 Сәуір 2021

«Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

100000, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 40

Тел.: 8 (7212) 50-39-30

Факс: 8 (7212) 51-89-31

Бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Медицина университетінің клиника

Бас дәрігер – 1 бірлік

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

Кафедра меңгерушісі – 1 бірлік

Жедел медициналық көмек, анестезиология және реаниматология кафедрасы

Кафедра меңгерушісі – 1 бірлік

Отбасылық медицина кафедрасы

Кафедра меңгерушісі – 1 бірлік

Өндірістік-техникалық бөлім

Бөлім бастығы – 1 бірлік

  Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты – 2021 жылғы 12 сәуірден 2021 жылғы 23 сәуірге дейін, сағат 18.00-ге дейін.

Кандидат және өзі немесе электрондық пошта/ курьерлік қызмет арқылы конкурстық комиссияның хатшысына конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды көрсетілген мерзімнен кешіктірмей жібереді.

Конкурсқа қатысуға өтініш Конкурстық комиссия төрағасының атына жазылады. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1.  Жеке куәліктің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

2.  Салыстырып тексеру үшін жоғары білім, академиялық және/ немесе ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және түпнұсқалары (басқа мемлекеттің білімі туралы дипломы бар тұлғалар үшін апостильдеу және нострификациялау рәсімінен өткен дипломды ұсыну қажет);

3.  Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқаласы;

4.  «ҚМУ» КеАҚ қызметкерлері үшін – Сенат хатшысымен расталған ғылыми жұмыстар мен өнертабыстар тізімі (бар болса); «ҚМУ» КеАҚ-та жұмыс істемейтін қызметкерлер үшін осы функцияны ұйымда орындауға уәкілетті тұлға;

5.  Сондай-ақ конкурс өткізуге арналған хабарландыруда көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын басқа да құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.

Бөлімше басшысының бос лауазымына орналасу конкурсына қатысуға ниет білдірген тұлғалар қосымша өзінің көзқарасы және бөлімшенің даму стратегиясы туралы презентация ұсынуы тиіс.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

Медицина университеті клиникасының бас дәрігері лауазымына тағайындалуына– медицина саласындағы жоғары білім, экономика/ қаржы және кредит/ құқық/ бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің болуы немесе «қоғамдық денсаулық сақтау», «денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін), «Бизнес әкімшілендіру», «іскерлік әкімшілендіру», «Экономика», «қаржы және кредит» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы немесе ғылыми дәрежесінің/ PhD докторыны4 болуы6 денсаулық сақтау саласында басшылық.

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі лауазымына– жоғары білімі, ғылыми дәрежесі немесе магистр академиялық дәрежесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің КОКСОН ұсынған басылымдарда кемінде 3 жарияланымы немесе Scopus-та кемінде 1 мақаласы, кемінде 10 жыл педагогикалық өтілі болуы тиіс.

Жедел медициналық көмек, анестезиология және реаниматология кафедрасының меңгерушісі лауазымына – жоғары білімі, ғылыми дәрежесі немесе магистр академиялық дәрежесі, соңғы 5 жылда Clarivate analytics, Scopus – та индекстелетін журналдарда кемінде 1 мақаланың болуы, кемінде 10 жыл педагогикалық өтілінің болуы.

Отбасылық медицина кафедрасының меңгерушісі лауазымына - жоғары білімі, ғылыми дәрежесі немесе магистр академиялық дәрежесі, соңғы 5 жылда Clarivate analytics, Scopus – та индекстелетін журналдарда кемінде 1 мақаланың болуы, кемінде 10 жыл педагогикалық өтілінің болуы.

Өндірістік-техникалық бөлім бастығы лауазымына – жоғары кәсіптік (техникалық) немесе орта-арнайы білімі және осы лауазымнығ функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бір жыл немесе үш жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

Барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласыңыз:

Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 40, адам ресурстарын басқару департаменті комиссия хатшысы Л.И. Саакян

Электрондық пошта: Saakyan@qmu.kz

(каб. 218) тел: 8 (7212) 50-39-30 (1672)


0
1529

пікірлер

пікір қалдыру үшін.