Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті білім алушылар!

Құрметті білім алушылар!

17 Қаңтар 2022

Университет Сенатының Жастар ісі жөніндегі Комитеті "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректордың стипендиясын тағайындауға құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Стипендия ғылыми-зерттеу жұмысымен, инновациялық, кәсіпкерлік, спорттық, мәдени, шығармашылық және қоғамдық қызметпен айналысатын, оқудың 2-курсынан бастап, білім беру бағдарламаларын сәтті меңгеретін (барлық оқу кезеңінде 3.0-ден төмен емес GPA жағдайында және барлық оқу кезеңінде тәртіптік жазалары жоқ) стипендия алмайтын күндізгі оқу нысанындағы білім алушыларға тағайындалады.

Стипендия тағайындау конкурсына қатысу үшін Сізге:

1.Қатысу үшін құжаттар пакетін дайындау;

2.Қалыптастырылған құжаттар пакетін қарау үшін мектептің немесе факультеттің деканатына жіберіңіз.

Құжаттар тізімі:

1.  Басқарма Төрағасы – Ректордың стипендиясын алуға кандидаттың өтініші;

2.  Тиісті мектептің немесе факультеттің деканы қол қойған, міндетті түрде барлық оқу кезеңі үшін кандидаттың GPA және барлық оқу кезеңі үшін тәртіптік жазалардың болуы немесе болмауы туралы ақпаратты қамтитын кандидатқа мінездеме (деканатпен дайындалады);

3.  Кандидаттың ғылыми-зерттеу жұмысында, инновациялық және кәсіпкерлік қызметте ерекше нәтижелерін растайтын құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда);

4.  Кандидаттың спорттық қызметтегі ерекше нәтижелерін растайтын құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда);

5.  Кандидаттың мәдени және шығармашылық қызметтегі ерекше нәтижелерін растайтын құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда);

6.  Кандидаттың қоғамдық маңызы бар қызметтегі ерекше нәтижелерін растайтын құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда).

Кандидаттарды бағалау балдық жүйе бойынша жүргізіледі және критерийлерге сәйкес X = (GPA*25*0,50) + (A*2*0,20) + (B*6,25*0,10) + (C*5*0,10) + (D*12,5*0,10), формуласы бойынша есептеледі, мұндағы GPA – бүкіл оқу кезеңі ішінде оқу жетістіктері деңгейінің орташа өлшемді бағасы, A–кандидаттың ғылыми – зерттеу жұмысының, инновациялық және кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері, B – кандидаттың спорттық қызметінің нәтижелері,C – кандидаттың мәдени және шығармашылық қызметінің нәтижелері, D – кандидаттың қоғамдық маңызы бар қызметінің нәтижелері.

Баллдар тең болған жағдайда жеңілдік санаттарына жататын білім алушыларға артықшылық беріледі. Егер кандидаттар жеңілдікті санаттарға жатпайтын болса, онда жетістіктері көп білім алушыларға артықшылық беріледі.

Кандидаттың нәтижелерін бағалау критерийлері

Критерийлер

Баллдар

Растау

1

Ғылыми-зерттеу жұмысы, инновациялық және кәсіпкерлік қызмет (студенттің бүкіл оқу кезеңінде жүргізетін ғылыми-зерттеу жұмысының, инновациялық және кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін балл саны)

1.1

Импакт-факторы бар журналдардағы жарияланымдар

Санына қарамастан 6 балл

Шығыс деректерінің көшірмелері

1.2

Халықаралық ғылыми конференциялардағы баяндама (постер)

Санына қарамастан 5 балл

Дипломдар, ғылыми конференция материалдары, постерлер

1.3

Республикалық ғылыми конференциялардағы баяндама (постер)

Санына қарамастан 4 балл

Дипломдар, ғылыми конференция материалдары, постерлер

1.4

Аймақтық, университетаралық және университеттік ғылыми конференцияларда баяндама (постер)

Санына қарамастан 3 балл

Дипломдар, ғылыми конференция материалдары, постерлер

1.5

Халықаралық, республикалық, аймақтық, университетаралық және университеттік ғылыми конференциялардың материалдар жинағында жариялау

Санына қарамастан 2 балл

Шығыс деректерінің көшірмелері

1.6

Ғылыми әзірлемелер

Санына қарамастан 4 балл

Куәлік

1.7

Ғылыми гранттар, стипендиялар

Санына қарамастан 4 балл

Тағайындау туралы сертификаттар

1.8

Стартапты әзірлеу және жылжыту

Санына қарамастан 4 балл

Стартаптың болуын растайтын құжаттар

1.9

Халықаралық деңгейдегі олимпиадаларда, ғылыми және кәсіпкерлік конкурстарда жүлделі орын

Санына қарамастан 5 балл

Жүлделі орын беру туралы Диплом

1.10

Республикалық деңгейдегі олимпиадаларда, ғылыми және кәсіпкерлік конкурстарда жүлделі орын

Санына қарамастан 4 балл

Жүлделі орын беру туралы Диплом

1.11

Облыстық, аймақтық және университетаралық деңгейдегі олимпиадаларда, ғылыми және кәсіпкерлік конкурстарда жүлделі орын

Санына қарамастан 3 балл

Жүлделі орын беру туралы Диплом

1.12

Университеттік деңгейдегі олимпиадаларда, ғылыми және кәсіпкерлік конкурстарда жүлделі орын

Санына қарамастан 2 балл

Жүлделі орын беру туралы Диплом

1.13

Халықаралық, республикалық, аймақтық, университетаралық және университеттік олимпиадаларға, ғылыми және кәсіпкерлік конкурстарға қатысу

Санына қарамастан 1 балл

Қатысушы сертификаты

1.14

Ғылыми-практикалық конференциялар, ғылыми үйірмелер жәрмеңкелерін, кәсіпкерлік бастамаларды және т. б. ұйымдастыру.

Санына қарамастан 2 балл

Өткізу фактісін растайтын деканаттан немесе ЖЖЖБ-ненмінездеме

1.15

Университеттің ғылыми үйірмелерінің, студенттік кәсіпкерлік ұйымдарының қызметіне қатысу (мүшелік)

1 балл

Қатысу фактісін растайтындеканаттан немесе ЖЖЖБ-ненмінездеме

2

Спорттық қызмет (ректорлық стипендияны тағайындауалдында жыл бойы спорттық қызметтің нәтижелері үшін балл саны)

2.1

Халықаралық деңгейдегі олимпиадалар мен спорттық сайыстарда жүлделі орын

Санына қарамастан 5 балл

Жүлделі орын беру туралы Диплом

2.2

Республикалық деңгейдегі олимпиадалар мен спорттық сайыстарда жүлделі орын

Санына қарамастан 4 балл

Жүлделі орын беру туралы Диплом

2.3

Облыстық, аймақтық және университетаралық деңгейдегі олимпиадалар мен спорттық сайыстарда жүлделі орын

Санына қарамастан 3 балл

Жүлделі орын беру туралы Диплом

2.4

Университеттік деңгейдегі олимпиадалар мен спорт жарыстарында жүлделі орын

Санына қарамастан 2 балл

Жүлделі орын беру туралы Диплом

2.5

Халықаралық, республикалық, аймақтық, университетаралық және университеттік олимпиадалар мен спорттық жарыстарға қатысу, спорттық іс-шараларды ұйымдастыру

Санына қарамастан 1 балл

Қатысушы сертификаты, деканаттан немесе ФДО-нан спорттық іс-шараны өткізу фактісін растайтын мінездеме

2.6

Университеттің спорт секцияларының қызметіне қатысу (мүшелік)

1 балл

Қатысу фактісін растайтын деканаттан немесе ФДО-нан мінездеме

3

Мәдени және шығармашылық қызмет (ректорлық стипендияны тағайындауалдында жыл бойы мәдени және шығармашылық қызмет нәтижелері үшін белгіленетін балл саны)

3.1

Халықаралық деңгейдегі шығармашылық фестивальдарда, байқауларда, сайыстарда жүлделі орын

Санына қарамастан 5 балл

Жүлделі орын беру туралы Диплом

3.2

Республикалық деңгейдегі шығармашылық фестивальдарда, байқауларда, сайыстарда жүлделі орын

Санына қарамастан 4 балл

Жүлделі орын беру туралы Диплом

3.3

Облыстық, аймақтық және университетаралық деңгейдегі шығармашылық фестивальдарда, конкурстарда, жарыстарда жүлделі орын

Санына қарамастан 3 балл

Жүлделі орын беру туралы Диплом

3.4

Университеттік деңгейдегі шығармашылық фестивальдар, конкурстарда, жарыстарда жүлделі орын

Санына қарамастан 2 балл

Жүлделі орын беру туралы Диплом

3.5

Халықаралық, республикалық, облыстық, өңірлік, университетаралық және университеттік шығармашылық фестивальдарға, конкурстарға, жарыстарға қатысу

Санына қарамастан 1 балл

Қатысушы сертификаты

3.6

Әртүрлі деңгейдегі мәдени және шығармашылық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу

Санына қарамастан 2 балл

Өткізу фактісін растайтын ЖЖЖБ-ненмінездеме

3.7

Шығармашылық үйірме жұмысына басшылық ету

2 балл

Басшылық фактісін растайтынЖЖЖБ-ненмінездеме

3.8

Университеттің шығармашылық үйірмелерінің қызметіне қатысу (мүшелік)

1 балл

Қатысу фактісін растайтынЖЖЖБ-ненмінездеме

4

Қоғамдық маңызы бар қызмет (ректорлық стипендияны тағайындауалдында жыл бойыжүзеге асырылатын жүйелі қоғамдық маңызы бар қызмет үшін балл саны)

4.1

Мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың және басқа да ұйымдардың қызметіне қатысу

2 балл

Ұйым басшыларынан мінездемелер, ұйымдардың марапаттары және қатысқанын растайтын өзге де құжаттар

4.2

Әр түрлі деңгейдегі қоғамдық маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу

Санына қарамастан 2 балл

ЖЖЖБ-нен немесе өзге де ұйымдардан өткізу фактісін растайтын мінездеме

4.3

Әр түрлі деңгейдегі қоғамдық-маңызды іс-шараларға қатысу

Санына қарамастан 1 балл

ЖЖЖБ-нен немесе өзге де ұйымдардан өткізу фактісін растайтын мінездеме

4.4

Басқа ұйымдардың студенттік бірлестігінің қызметін басқару

2 балл

ЖЖЖБ-нен немесе өзге де ұйымдардан басшылық фактісін растайтын мінездеме

4.5

Университеттің студенттік ұйымдарының қызметіне қатысу (мүшелік)

1 балл

Қатысу фактісін растайтын ЖЖЖБ-нен немесе деканаттан мінездеме

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2022 жылғы 17-24 қаңтар.

Университет Сенатының Жастар ісі жөніндегі Комитетінің құжаттарды қарау мерзімі: 2022 жылдың 28 қаңтарына дейін.


0
2097

пікірлер

пікір қалдыру үшін.