Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

28 Қаңтар 2022

Қарағанды медицина университетінің әскери кафедрасы конкурстық негізде оқытудың мына түрлері бойынша іріктеу жүргізеді:

-  «Запастағы офицерлер» бағдарламасы бойынша ақысыз (Медицина мектебі, Қоғамдық денсаулық сақтау және биомедицина мектебі, Стоматология мектебі);

-   «Запастағы сержанттар» бағдарламасы бойыншаақылы түрде(Биология, Биомедицина,  IT-медицина, Фармация мектебі, сонымен бірге запастағы сержант бағдарламасы бойынша білім алғысы келетін, бірақ университетті бітіруіне екі жылдан кеш болмайтын, барлық факультеттердің студенттері қабылданады. 

«Запастағы офицерлер» бағдарламасы бойынша конкурсқа қатысуға конкурс өтетін жылы 24 жастан аспайтын бірінші курс студенттері (4 жылдық оқу түрі бойынша) және екінші курс (5 жылдық оқу түрі бойынша) студенттері жіберіледі.

«Запастағы сержанттар» бағдарламасы бойынша конкурсқа қатысуға конкурс өтетін жылы 24 жастан аспайтын 1-2-ші курс студенттері (4 жылдық оқу түрі бойынша) және 1-3-ші курс (5 жылдық оқу түрі бойынша) студенттері жіберіледі.

  Конкурсқа қатысу үшін әскери кафедраның оқу бөліміне (Алалыкин көшесі, 7) 2022 жылдың 25 мамырына дейін (жеке немесе PDF форматында электрондық пошта бойынша) өтініш беру қажет.

Өтініш беруге қажетті құжаттар:

1.  ҚР азаматының жеке куәлігінің көшірмесі – 1 дана.

2.  Әскери қызметке жарамдылығының белгісі бар тіркеу куәлігі (ұлдарға) – 1 дана.

3.  Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама– 1 дана.

   4. Спорттық жетістіктерді (бар болған кезде) растайтын құжат.

  5.Жеке ісіне арналған файл2дана.

  6.Фото 3х4 – 2 дана.

Анықтама телефондары: 8 (775) 894 31 15 (Күлпаш Қайырбековна),

  8 (771) 046 10 61 (Татьяна Григорьевна),

  немесеOutlookбойынша

  (Rakhimzhanova@qmu.kz, DembovskayaT@qmu.kz)


0
1664

пікірлер

пікір қалдыру үшін.