Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Хабарландыру

Хабарландыру

08 Наурыз 2022

«Қарағанды медициналық университеті» КеАҚ Қарағанды қаласының жалпы орта білім беру мекемелерінің 5-11(12) сынып оқушыларын 17.03.2022 ж. сағат 15.00-де Zoom электрондық платформасы базасында ONLINE өткізілетін «COVID-19 және басқа да жұқпалы аурулармен күрестегі сумен жабдықтау, санитария және гигиенаның (ССГ) рөлі» атты оқушылардың оқу-зерттеу жұмыстарының сырттай конференциясына шақырады (қосылу үшін сілтеме Конфренция бағдарламасында көрсетіледі).

Конференция Қоғамдық Денсаулық Мектептері мен Бағдарламалары Қауымдастығыны (Вашингтон, АҚШ) қаржыландыратын «COVID-19 пандемиясына тиімді әрекет ету үшін 11-18 жастағы мектеп оқушылары арасында сумен жабдықтау, санитария және гигиена (ССГ) саласындағы әлеуетті арттыру» жобасын іске асыру шеңберінде жүргізіледі.

Конференция туралы толық ақпарат Конференция туралы ережеде көрсетілген (1-қосымша).

Ұйымдастыру комитеті:

1.  Омарова Алуа Ораловна, PhD, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ қауымдастырылған профессоры. Тел.: +7 778 867 66 00, email: OmarovaA@qmu.kz

2.  Калишев Марат Гузаирович, м.ғ.к., доцент, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ профессоры. Тел.: +7 705 300 00 97, email: Kalishev@qmu.kz


0
1513

пікірлер

пікір қалдыру үшін.