Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Хабарландыру

Хабарландыру

13 Мамыр 2022

Құрметті Қарағанды медицина университетінің Денсаулық сақтау саласындағы докторантура бағдарламаларына түсуші кандидаттар!

"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына" сәйкес келесі білім беру бағдарламалары бойынша алдын ала іріктеу жүргізілетіні туралы хабарлайды:

"8D10100 Медицина",

"8D10101 Мейіргер ғылымы",

"8D10139 Қоғамдық денсаулық сақтау",

"8D10140 Фармация".

Құжаттар 25.05.2022 ж. дейін talapker@qmu.kzэлектронды поштаға қабылданады (сканерленген түрде,кейіннен қабылдау комиссиясына құжаттардың түпнұсқаларын ұсына отырып) немесе мына мекенжай бойынша:Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 40, 259 каб.

Қажетті құжаттар тізімі:

1. Ұйым басшысының атына өтініш.

2. Жеке куәліктің көшірмесі.

3. Жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі.

4. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттың көшірмесі (өткен жылдардың түлектері үшін) немесе оқу орнынан анықтама (әлі оқитындар үшін).

5. Еңбек кітапшасының көшірмесі.

6. Ағылшын/ француз/ неміс тіліндегі мотивациялық эссе.

7. Нысаны бойынша ғылыми еңбектерінің тізімі (болған жағдайда).

8. Диссертациялық зерттеудің аннотациясы.

Құжаттар нысанын сілтеме арқылы жүктеп алуға боладыhttps://www.qmu.edu.kz/media/qmudoc/Obr2022Rus.docx

Сұхбат 2022 жылғы 26 мамырда өткізіледі.

Алдын ала іріктеуден өту нәтижесі электрондық поштаға 30.06.2022 жылға дейін жіберіледі.

Туындаған сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 (7212) 50-39-30 (доб. нөмірі 1340, 1220)


0
1440

пікірлер

пікір қалдыру үшін.