Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Хабарландыру

Хабарландыру

03 Маусым 2022

«Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

100000, Қарағанды қ., Гоголь көшесі, 40

Тел.: 8 (7212) 50-39-30,

Факс: 8 (7212) 51-89-31

Бос лауазым орнына  орналасуға конкурс жариялайды:

Клиникалық жұмыс жөніндегі проректор – 1 бірл.

Құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күні мен уақыты – 2022 жылғы 06 маусымнан бастап 2022 жылғы 17 маусым, сағат 18.00-ге дейін.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

1)  Белгіленген нысандағы өтініш.

2)  Конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

3)  Белгіленген нысандағы конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі.

4)  Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсына отырып, білімі туралы құжаттар мен оларға қосымшалардың көшірмесі:

- Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі, ғылыми дәрежесі туралы құжаттарға «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі;

- «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білім туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;

- өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына жататын білім туралы құжаттарға Білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

5) Жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері (қолданыстағы не соңғы);

6) Соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

7) Уәкілетті орган берген сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жоқтығы туралы анықтама;

8) Басшы тәжірибесі бар, кандидат кемінде 2 жыл жұмыс істеген тұлғалардан екі ұсыныс;

9) Қызмет бағытын дамыту стратегиясы бойынша презентация.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, атақтардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өздерінің кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер)қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысуға тұлғалар жіберілмейді:

1) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған;

2) жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар;

3) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған адамдар.

    Клиникалық жұмыс жөніндегі проректор лауазымына конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары - жоғары медициналық білімі, ғылыми дәрежесі/ PhD академиялық дәрежесі, денсаулық сақтау және/ немесе білім беру саласында басшылық лауазымдарында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы.  

  Қосымша критерий – МВА академиялық дәрежесінің болуы.

"Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының бос лауазымдарға конкурстық орналасу ережелеріне сілтеме:

https://www.qmu.edu.kz/media/qmudoc/PravilaKonkZamKaz.pdf

Өтінішке сілтеме:

https://www.qmu.edu.kz/media/qmudoc/ZayavlenieSovDir.pdf

Қызметтік тізімге сілтеме:

https://www.qmu.edu.kz/media/qmudoc/PosluznoiSpisok.pdf

Барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласуларыңызға  болады:

Қарағанды қ., Гоголь көш. 40, Адами ресурстарды басқару департаменті

Комиссия хатшысы Калашникова Лилия Ивановна

Электронды пошта: Saakyan@qmu.kz

(218 каб.) тел: 8 (7212) 50-39-30(1672)


0
1738

пікірлер

пікір қалдыру үшін.