Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Хабарландыру

Хабарландыру

04 Қазан 2022

«Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

100008, Қарағанды қ., Гоголь көшесі, 40

Тел.: 8 (7212) 50-39-30,

Факс: 8 (7212) 51-89-31

Бос лауазым орнына  орналасуға конкурс жариялайды:

Ғылыми және клиникалық жұмыс жөніндегі проректор – 1 бірлік

Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор – 1 бірлік

Құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күні мен уақыты – 2022 жылғы  05 қазаннан бастап 2022 жылғы  18 қазан,  сағ. 18.00-ге дейін.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

1)  Белгіленген нысандағы өтініш.

2)  Конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

3)  Белгіленген нысандағы конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі.

4)  Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсына отырып, білімі туралы құжаттар мен оларға қосымшалардың көшірмесі:

- Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі, ғылыми дәрежесі туралы құжаттарға «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі;

- «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білім туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;

- өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына жататын білім туралы құжаттарға Білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

5) Жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері (қолданыстағы не соңғы);

6) Соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

7) Уәкілетті орган берген сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жоқтығы туралы анықтама;

8) Басшы тәжірибесі бар, кандидат кемінде 2 жыл жұмыс істеген тұлғалардан екі ұсыныс;

9) Қызмет бағытын дамыту стратегиясы бойынша презентация.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, атақтардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өздерінің кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер)қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысуға келесі тұлғалар жіберілмейді:

1)  бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған;

2)  жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар;

3)  медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған адамдар.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

-  ғылыми және клиникалық жұмыс проректоры лауазымына: жоғары медициналық білімі, ғылыми дәрежесі/ PhD академиялық дәрежесі, соңғы үш жылда Clarivate analytics, Scopus-та индекстелетін журналдарда негізгі автор ретінде кемінде 3 мақаланың болуы (бірінші автор, соңғы корреспондент автор), Clarivate analytics немесе Scopus базасы бойынша Хирш индексі кемінде 2, денсаулық сақтау және (немесе) білім және (немесе) ғылым саласында кемінде 10 жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде 3 жыл жалпы өтілінің болуы.

Қосымша  біліктілік талаптары:

-  маман сертификаты, ағылшын тілін білу.

- стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор лауазымына: жоғары білімі, ғылыми дәрежесі/ PhD академиялық дәрежесі немесе DBA, денсаулық сақтау және (немесе) білім және (немесе) ғылым саласында кемінде 10 жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде 3 жыл жалпы өтілінің болуы.

Қосымша  біліктілік талаптары:

-  халықаралық жобалардағы жұмыс тәжірибесі, ағылшын тілін білу.

«Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бос лауазымдарына конкурстық орналасу ережесі:

  https://www.qmu.edu.kz/media/qmudoc/PravilaKonkZam.pdf

Өтініш:

    https://www.qmu.edu.kz/media/qmudoc/ZayavlenieSovDir.pdf

Қызметтік тізім:

  https://www.qmu.edu.kz/media/qmudoc/PosluznoiSpisok.pdf

Барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласуларыңызға  болады:

Қарағанды қ., Гоголь көш. 40, Адами ресурстарды басқару департаменті

Комиссия хатшысы Калашникова Лилия Ивановна

Электронды пошта: Saakyan@qmu.kz  

(218 каб.) тел: 8 (7212) 50-39-30(1672)


0
1307

пікірлер

пікір қалдыру үшін.