Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Хабарландыру

Хабарландыру

03 Ақпан 2023

«Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

100008, Қарағанды қ., Гоголь көшесі, 40

Тел.: 8 (7212) 50-39-30,

Факс: 8 (7212) 51-89-31

  Бос лауазым орнына  орналасуға конкурс жариялайды:

Халықаралық медицина факультеті

Декан – 1 бірл.

Құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күні мен уақыты2023 жылғы  6 ақпаннан бастап 2023 жылғы 17 ақпан, сағ. 18.00-ге дейін.

Кандидат жеке өзі немесе электрондық пошта/курьерлік қызмет арқылы Конкурс комиссиясының хатшысына көрсетілген кезеңнен кешіктірмей конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды жібереді.

Конкурсқа қатысуға өтініш Конкурстық комиссия төрағасының атына жазылады. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1.  жеке куәліктің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

2.  жоғары білімі, академиялық және/немесе ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары (басқа мемлекеттің білімі туралы дипломы бар тұлғалар үшін апостиль қою және нострификациялау рәсімінен өткен дипломды ұсыну қажет);

3.  қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;

4.  «ҚМУ» КеАҚ қызметкерлері үшін - Сенат хатшысы куәландырған ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса); «ҚМУ» КеАҚ - да жұмыс істемейтін қызметкерлер үшін ұйымда осы функцияны орындаушы уәкілетті тұлға;

5.  сондай-ақ конкурс өткізуге арналған хабарландыруда көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын басқа да құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (ғылыми жарияланымдар тізімі, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.

Бөлімше басшысының бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар қосымша өзінің көзқарасы мен бөлімшенің даму стратегиясы туралы мінездеме мен презентация ұсынуы тиіс.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

- Халықаралық медицина факультетінің деканы лауазымына – «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, магистр ғылыми дәрежесінің және (немесе) академиялық дәрежесінің және (немесе) МВА академиялық дәрежесінің және (немесе) DВА академиялық дәрежесінің болуы, білім беру саласында кемінде 5 жыл жалпы жұмыс өтілінің болуы. Қосымша талаптар: ағылшын тілін білу.

Барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласуларыңызға  болады:

Қарағанды қ., Гоголь көш. 40, Адами ресурстарды басқару департаменті

Комиссия хатшысы: Калашникова Лилия Ивановна

Электронды пошта: Saakyan@qmu.kz

(каб. 218) тел: 8 (7212) 50-39-30(1672)


0
928

пікірлер

пікір қалдыру үшін.