Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Хабарландыру

Хабарландыру

10 Наурыз 2023

15.03.2023 ж. сағат 15.00-де Тілдерді дамыту орталығының ұйымдастыруымен Шәкәрім Құдайбердиевтің 165 жылдығына арналған «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» атты облыстық шығармашылық кеш өтеді. Кеште хәкім Абай мен дара Шәкәрім шығармашылығын құрмет тұтатын «ҚМУ» КеАҚ шығармашылық ұжымдары, университетіміздің халықаралық факультетінде білім алып жүрген үндіс студенттері өз өнерлерін паш етеді.

Ұлы ойшылдың тылсым табиғатын Шәкәрім атындағы гимназия, ЮНЕСКО музыка мектебінің жетекшілері мен жасөспірімдері, Қарағанды облысының өнер майталмандары, Қарағанды аймағы бойынша Қазақстан халық ассамблеясы өкілдері дәріптейді.

Шара барысында қаламыздың М.Әуезов және Н.В.Гоголь атындағы кітапханалары Шәкәрім шығармашылығынан сыр шертетін көрме жұмысын көпшілік назарына ұсынады.

Кештің арнайы қонағы – абай, шәкәрімтанушы, журналистика саласына еңбегі сіңген ғалым-қайраткер, Астана қаласынан шақырылған А.Қ.Омаров.

Барша рухани болмысты көрерменді қазақтың ұлы ақыны, композиторы, тарихшысы және аудармашысы Шәкәрім Құдайбердиевтің аталмыш кешіне шақырамыз!

2023 жылдың 15 наурызында 15.00-де университетіміздің Акт залында жүздескенше!


0
902

пікірлер

пікір қалдыру үшін.