Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті

МЕВЛАНА ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ ҮРКИЯ)

  Бағдарламаның мақсаты - түрік жоғары оқу орындары мен басқа елдердің жоғары оқу орындарының қызметкерлері мен студенттерінің арасында академиялық ұтқырлық болып табылады. «Mevlana» бағдарламасы - Түркиядағы білім беру саласындағы негізгі бағдарламалардың бірі болып саналады.

  Оқытушылар шетелде екі аптадан (минимум) үш айға дейін (максимум) дәріс оқи алады. Тиісінше, осы бағдарламаның арқасында студенттер мен оқытушылар шетелдіктердің оқыту тәжірибесін ала алады және өздерінің білім деңгейін көтере алады. Оқытушыларға жол ақысына бағдарлама есебінен 3300 түрік лирасы көлемінде қаржы бөлінеді, тұратын орын қабылдаушы университет тарапынан қамтамасыз етіледі, сонымен қатар ғылыми дәрежесіне байланысты күніне 40-50 түрік лирасы көлемінде тәуліктік ақы төленетін болады. Оқытушылардың ұтқырлық мерзімі екі аптадан 3 айға дейінгі уақытты қамтиды.

Мевлана ұтқырлық бағдарламасында қатысу шарттары:

·  бакалавриат, магистратура және докторантура студенті болуы;

·  бакалаврлар үшін GPA балы 2,5/4,0 төмен болмауы;

·  магистрлар мен докторанттар үшін GPA балы 3,00/4,00 төмен болмауы;

·  Ағылшын немесе түрік тілін білу туралы сертификаты болуы керек.

* Бірінші курс студенттері, магистранттары және докторанттары бірінші семестрде осы бағдарламаға қатыса алмайды.

Мевлана ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттерге шәкіртақылар:

·  Студенттер айына 1000 түрік лирасының 80% -ын алады;

·  Қалған 20% оқуды сәтті аяқтаған студенттерге беріледі;

·  Студенттер жол және тұратын орын шығындарын өз қалтасынан төлейді.

Оқытушылар Мевлана бағдарламасына қатысу үшін:

·  Көрсетілген сілтеме бойынша онлайн өтініш толтыру oia.atauni.edu.tr/application/staff;

·  Түйіндемесін тіркеу.

Студенттерге Мевлана ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін қажетті құжаттар:

·  Көрсетілген сілтеме бойынша онлайн өтініш толтыру oia.atauni.edu.tr/application/student;

·  Транскрипт;

·  Ағылшын немесе түрік тілінің сертификаты.

ҚМУ-нің Мевлана ұтқырлық бағдарламасы бойынша Түрік серіктес университеттері:

·  Ататүрік Университеті (Ataturk Universitesi)/Эрзурум - http://mevlana.atauni.edu.tr/Content.aspx?icerik=10

·  Адияман Университеті (Adiyaman University)/Адияман - http://adiyaman.edu.tr/TR

·  Ван Юзунчу Иыл Университеті (Van Yüzüncü Yıl University), Ван қ. - https://www.yyu.edu.tr/