Мемлекеттік қызметтер
Мемлекеттік қызметтер тізбесі МАККҰТ Кәсіби медицина клиникасында Қоғамдық денсаулық және еңбекті қорғау институты «МУК КЕАҚ»
1) Дәрігерді үйге шақыру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6) Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
7) Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
8) Алдын ала міндетті медициналық қарап - тексеруден өту мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
9) Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пациенттерге стационарға емделуге жатқызуға жолдама беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
10) Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
11) Санаторийлік -курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.
Егер сіздің:
— медициналық көмек көрсету сапасына көңіліңіз толмады;;
— медициналық қызметкерлер тарапынан дөрекі қарым-қатынаста болды;
— медициналық қызметкерлердің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін ақша қаражатын бопсалау фактілеріне тап болды;
— сондай-ақ, егер сіз медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты басқа да проблемалық мәселелермен бетпе-бет келсеңіз, пациенттерді қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Сіз өзіңіздің аты-жөніңізді, тегін, байланыс деректерін (телефон, мекен-жай) көрсете отырып, тіркеу бөлімінің холлында, стационарлық блоктың келушілеріне арналған холлда орналасқан өтініштер жәшігінде өзіңіздің жазбаша өтінішіңізді қалдыра аласыз. Сондай-ақ, сіз біздің сайтқа немесе электрондық поштаға хабарласа аласыз. поштамыз: info@kgmu.kz немесе http://www.qmu.edu.kz/ru/hall/ask
Волчанская Светлана Ивановна, жоғары біліктілік санатты дәрігер терапевт
тел. 87013942349
Телефондарымыз: 8(7212)50-06-41
Мемлекеттік қызметтерді алу барысында әкімшілік кедергілер туындаған жағдайда Сіз Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне жүгіне аласыз: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік лаңғылығы, 39. Байланыс телефоны: 50 40 66