Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Білім беру
Мектептің академиялық қызметі

Мектептің академиялық қызметі

88dff8625e8ddf879f473bf36008c0c8

Резидентура және кәсіби дамыту мектебі 2019 жылы клиникалық жұмыс және инновациялық қызмет және кәсіби даму бөлімінің бірігуі нәтижесінде ашылды.

Резидентура және кәсіби дамыту мектебінің жұмысының негізгі бағыттары:

- резиденттерді дайындау бағдарламаларын жүзеге асыру;

- қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру:

- университеттің клиникалық қызметі.

Мектеп жоғары кәсіптік білім берудің білім беру-кәсіптік бағдарламаларын жүзеге асыратын, ғылыми, әдістемелік және тәрбие жұмысын жүргізетін "ҚМУ" КeАҚ оқу, ғылыми және әкімшілік бөлімшесі болып табылады. Мектеп күндізгі оқу нысаны бойынша мамандар даярлауды жүзеге асырады. 

Мектептің білім беру қызметіне резиденттерді даярлау бағдарламаларын іске асыру және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру, яғни дәрігерлерді оқыту, мастер-кластар мен семинарлар және т. б. ұйымдастыру және өткізу жатады. Медицина қызметкерлеріне қосымша білім беру «Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларын, сондай-ақ қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2009 жылғы 11 қарашадағы №691 бұйрығына (2015 жылғы 29 мамырдағы өзгерістер мен толықтырулармен, №433 бұйрық) және 56 медициналық мамандық бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына (ҚР ДСМ 2009 жылғы 24 қарашадағы №774 бұйрығымен бекітілген «Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар номенклатурасына»  (2017 жылғы 28 тамыздағы өзгерістер мен толықтырулармен, №660 бұйрық) сәйкес жүргізіледі.

Сонымен қатар, резидентура және кәсіби дамыту мектебінің жұмысының бір бағыты университеттің клиникалық қызметі болып табылады: білім беру үдерісінің аясында профессорлық-оқытушылар құрамының клиникалық жұмысын орындауын бақылау; қаланың және облыстың медициналық ұйымдарымен бірлескен қызмет туралы келісім шарттарын құру, жол карталарын орындау туралы мониторинг, диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамалары.

Қазіргі уақытта резидентура және кәсіби дамыту мектебіндегі қызметкерлер:

Ташкенбаева Венера Базарбековна - Резидентура және кәсіби дамыту мектебінің деканы

Шарапиева Жанна Бекетовна – деканның резидентура жөніндегі орынбасары

Бейсенаева Акмарал Габитовна - деканның қосымша білім беру жөніндегі орынбасары Подилякина Юлия Сергеевна – бас маман

Рамазанова Гульжанат Күнтугановна -  бас маман

Айтжанова Резеда Мансуровна – маман

Елдашбаева Калдыгуль Мусаевна – маман

Кітапбай Алуа Сағатбекқызы – маман