Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Кітапхана
Пайдаланушыларға
Бірінші курс студентіне
Бірінші курс студенттеріне арналған ақпарат

Бірінші курс студенттеріне арналған ақпарат

Құрметті бірінші курс студенттері!

Сіздер Қарағанды медициналық университетінің студенті болдыңыз және университеттің кітапхана қорлары мен ақпараттық қызметтерін пайдалану құқығына ие болдыңыз.

1. Университеттің кітапхана құрылымына жинақтау және библиография блогы, ғылыми және оқу әдебиеттер қызмет көрсету блогы. Ғылыми және оқу әдебиеттер қызмет көрсету блогына:

¾  № 1 оқу әдебиеттер абонементі;

¾  № 2 оқу әдебиеттер абонементі;

¾  Ғылыми әдебиеттер абонементі;

¾  Оқу залы және мерзімді басылымдар залы;

¾  Электрондық ресурстар залы.

2. Есте сақтау маңызды!

·Кітапхананың оқу және ғылыми әдебиеттер абонементтерінен әдебиетті үйге алуға болады. Оқу әдебиеттері бір семестрге, ғылыми әдебиеттер 15 күнге беріледі.

·Оқу залы мен мерзімді басылымдар залында кітапхана қорында шектеулі әдебиеттер бар, олар-залда қолдануға болатын монографиялар, нұсқаулықтар, анықтамалықтар, сөздіктер, мерзімді басылымдар, данасы шектеулі оқулықтар, оқу және әдістемелік құралдар.

·Электрондық ресурстар залы оқырманға электрондық каталогты, мәліметтер базасын, электронды-кітапханалық жүйелер мен Интернетті пайдалануға береді.

·Оқырман түсінбеушілікке жол бермеу үшін: оқулықтарды  және ғылыми әдебиеттерді пайдалануды уақтылы ұзартуы керек. Ғылыми әдебиеттер жазбасынан алынған кітаптарды қашықтан ұзартуға болады (әдебиеттерді қашықтан ұзартуды қараңыз).

·Кітапхана кітабы жоғалған немесе бүлінген жағдайда пайдаланушы келтірілген зиянның орнын толтыруға міндетті:

1. ұқсас кітаппен;

2. кітапхананың  жоғалған кітабына тең деп танылған басылым.

3.Кітапхана бөлімдерінің жұмыс кестесін оқып шығыңыз (Жұмыс кестесін қараңыз).

4. Үйге қажетті әдебиеттерді қалай табуға және алуға болады.

·Кітапханадан қажетті кітапты табу үшін Сіз Электронды каталогты пайдалануыңыз керек.

·Электрондық каталог тек кітапхана оқырмандары үшін қол жетімді. Кіру ЖСН бойынша жүзеге асырылады.

·Кітапты іздеу Кітапхана бетіндегі «электрондық каталог» бөліміндегі тақырып, автор немесе кілт сөздер бойынша жүзеге асырылады. Сонымен қатар, сіз кеңес алу үшін кезекші библиографқа жүгіне аласыз.

* Оқырман түсініспеушіліктерді болдырмау үшін оқу және ғылыми әдебиеттерді пайдалануды уақтылы ұзартуы керек. Ғылыми әдебиеттер абонементінде алынған кітаптарды қашықтан жаңартуға болады (әдебиеттерді қашықтан ұзартуды қараңыз).