Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Білім беру
Студенттік кампус
Жатақхана

Университеттің жатақханаларына орналасу бойынша 2020 -2021 оқу жылының II семестріне арналған нұсқаулық

ҚМУ КеАҚ жатақханалары қызметінің ережесі

Университеттің жатақханаларына орналасу бойынша 2021 -2022 оқу жылының I семестріне арналған нұсқаулық

  1. Университет жатақханасына орналасуға өтініш беру.

  2021-2022 оқу жылының I семестріне университет жатақханасынан орын алуға өтініштер қабылдау 2021 жылдың 20-22 тамыз аралығындаegov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады. ЖСН-і жоқ шетел азаматтары үшін өтініштер қағаз түрінде қабылданады. 18 жасқа толмаған студенттер үшін өтініш ата-анасының бірінің атынан беріледі. Жатақханадағы орындарды бөлу 2021-2022 оқу жылының I семестріне ғана жүзеге асырылады.

  Электрондық үкімет порталына өтінімді қалай беруге болады?

1.  egov.kz сайтына кіру және авторизация жасау.

2. «Білім» бөлімін табу. Бұдан әрі "Білім" бөлімінде "Жоғары білім" бөлімшесін таңдау қажет. Мемлекеттік қызметтердің ашық тізімінен "Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау"қызметін табу керек.

3. Бұдан әрі "Қызметке онлайн тапсырыс беру"батырмасын басу қажет.

4. Пайда болған мемлекеттік қызмет көрсету терезесінде "Жатақхана беру үшін құжаттарды қабылдау"қызмет түрін таңдау қажет.

5.Өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қою немесе смс-пароль арқылы (мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелу қажет). Ескертпе: "Оқу орнының атауы" жолында университетті таңдау кезінде мынадай деректерді таңдау қажет: Қарағанды облысы, Қарағанды Г.А., Қарағанды медицина университеті.

Электрондық үкімет порталында (Мейіргерлік білім беру мектебі) техникалық және кәсіптік орта білім бағдарламалары бойынша білім алушылар үшін өтінімді қалай беруге болады?

1.  egov.kz сайтына кіру және авторизация жасау.

2. «Білім» бөлімін табу. Бұдан әрі "Білім" бөлімінде "Колледждер" бөлімшесін таңдау қажет. Мемлекеттік қызметтердің ашық тізімінен "техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау"қызметін табу керек.

3. Бұдан әрі "Қызметке онлайн тапсырыс беру"батырмасын басу қажет.

4. Пайда болған мемлекеттік қызмет көрсету терезесінде "ТжКБ-да білім алушыларға жатақхана беру"өтініш түрін таңдау қажет.

5. Өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қою немесе смс-пароль арқылы (мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелу қажет). Ескерту: "Оқу орны" жолында мынадай деректерді таңдау қажет: Қарағанды облысы, "Қарағанды медицина университеті"КеАҚ Мейіргерлік білім беру мектебі.

2.Университет жатақханаларындағы орындарды бөлу жөніндегі Комиссияның келіп түскен өтініштерді қарауы және жүйелеуі.

Университет жатақханаларындағы орындарды бөлу жөніндегі комиссия (бұдан әрі-Комиссия) келіп түскен өтініштерді жүйелеу жөніндегі жұмыс тобын құрады. Құрылған жұмыс тобы келіп түскен өтініштердің дұрыстығын тексереді.

  Егер өтініш беруші Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №66 бұйрығында белгіленген жеңілдік санатына жататын болса, өтініш берген кезде растайтын құжаттарды тіркеу қажет.

  Университеттің жатақханаларындағы орындарды бөлудің басымдылығы:

  - даму мүмкіндіктері шектеулі адамдар, мүгедектер мен бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары тәрбиеленетін отбасылардан шыққан балалар, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын адамдар;

  -ата-анасының қамқорлығынсыз Кәмелетке толғанға дейін қалған жастар қатарындағы адамдар, осы мәртебесі кемінде үш жыл Толық емес отбасылар қатарындағы балалар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарындағы адамдар, сондай-ақ қандастар;

  - «Мәңгілік ел жастары - индустрияға!» («Серпін - 2050») жобасы аясында білім алатындар;

  -бірінші курсқа қабылданған, "Алтын белгі" белгісі бар білім алушылар, Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиада және (немесе) конкурс жеңімпазының немесе жүлдегерінің сертификаты бар білім алушылар, сондай-ақ білім туралы растайтын құжаты (куәлік, аттестат, диплом) бар ұйымды үздік бітірген талапкерлер;

  - мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес бірінші курсқа оқуға қабылданған, Ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе Кешенді тестілеудің, пәндер бойынша немесе ұйым өткізген тестілеу нысаны бойынша түсу емтихандарының қорытындылары бойынша жоғары балы бар білім алушылар;

  - оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыста жоғары нәтижелері бар жоғары курс оқушылары қатарынан оқитындар;

  - студенттер-шет мемлекеттің азаматтары;

   - ұйымның өзге де білім алушылары.

  Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар ұсынған, өтініштер дұрыс толтырылмаған, өтініштерді беру мерзімдері бұзылған жағдайларда университет өтінішті қабылдаудан бас тартады.

 

  3. Комиссиямен қоныстанушылардың тізімін бекіту.

  Қоныстанушылардың түпкілікті тізімін Комиссия бекітеді. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі. Бекітілген орналасу тізімі университет сайтында және MUK Insider ресми телеграмм-арнасында жарияланатын болады.

  Комиссия күтпеген отбасылық, материалдық және өзге де мән-жайлар салдарынан тұрғын үйіне мұқтаж болған білім алушыға жатақханадан орын беру туралы, сондай-ақ негізделген ұсыныс бойынша тұру қағидаларын немесе ұйымның жарғысын сақтамағаны үшін жатақханадан шығару туралы шешім қабылдайды.

  4. Университеттің жатақханаларына орналасуға электронды жолдамалар беру.

  Көрсетілетін қызметті алушының" жеке кабинетінде " жатақханадан орын беру туралы нәтиже немесе дәлелді бас тарту академиялық жұмыс жөніндегі проректор – Комиссия төрағасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетіледі.

  ЖСН жоқ және қағаз түрінде өтініш берген шетелдік студенттерге, орналасуға жолдама қағаз түрінде беріледі.

  5. Университет жатақханаларына орналасу.

  Университет жатақханасына орналасу Комиссия бекіткен тізім бойынша 2021 жылғы 30 тамыздан басталады.

  Жатақханаға орналастыру вакцинация паспорты және педикулезге анықтама болған жағдайда ғана жүргізілуі мүмкін.Вакцинациялауға медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар растаушы құжатты ұсына отырып, орналастырылады. Қоныстандыру сәтінде 18 жасқа толмаған адамдар Комиссия бекіткен тізім негізінде орналасады және кәмелетке толған кезде вакцинация рәсімінен өтеді және жатақхана меңгерушісіне паспорт береді.

«ҚМУ» КеАҚ жатақханаларында тұратындардың тізімдемесі" журналында (Ф ҚМУ КеАҚ 15-2-10) жатақхана меңгерушісі білім алушыларды тіркеуді және жатақханада тұрушының жеке ісі үшін құжаттар жинауды жүргізеді.

  Жатақханаға орналасу кезінде жатақхана меңгерушісіне келесі құжаттар пакетін ұсынуы керек:

  - орналасуға жолдама;

  - жеке куәлік (көшірме);

  - жатақханадан орын беру туралы келісімшарт;

  - вакцинациялау паспорты (көшірмесі) немесе бекітілген үлгідегі вакцинациялауға медициналық қарсы көрсетілімдер туралы анықтама (көшірмесі);

  - төлем туралы түбіртек (көшірме);

  - фото 3*4 (2 дана);

  - қатты файл;

  - бөлмені қабылдау-тапсыру актісі.

  Жатақхана меңгерушісі санитарлық нормаларды сақтау шартымен қоныстанушыларды бөлмелер бойынша бөледі.

  6. Университеттің тұрғын үй қоры.

  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық қағидаларына сәйкес жатақханаларға бөлу тұрғындар арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және бөлмелерді 50% - ға дейін толтыра отырып жүзеге асырылады.

 

  Жатақханаға орналасу бойынша туындаған проблемді мәселелер бойынша urmashov@kgmu.kz электронды поштаға міндетті түрде аты-жөнін, тобын, байланыс нөмірін және проблеманың сипаттамасын көрсетіп сұраныс жіберу керек.

  Төлем туралы сұрақтар бойынша университеттің бухгалтерия бөліміне хабарласу керек (Махмет Айбек, +7 7212 50 39 30 (доб. 1297), Mahmet@kgmu.kz ).