Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Білім беру
Фармация мектебі
Мектептің академиялық қызметі

Фармацевтикалық пәндер кафедрасы 2002 жылдың 1 шілдесінде ұйымдастырылды. 2007 жылдан бастап химия және фармацетвикалық пәндер кафедрасының құрамына химия курсы кірді, 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедра химия және фармацевтикалық пәндер кафедрасы болып  біріктірілді.

Фармацевтикалық пәндер кафедрасының алғашқы жетекшісі фармацевтикалық өндіріс технологиясы және фармацияны ұйымдастыру саласындағы бірден бір жетекші маман,  фармацевтика ғылымдарының докторы  Абдуллабекова Раиса Мусулманбековна болды.

2004-2007 жылдар аралығында фармакогнозия және фитохимия саласындағы маман, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Баймұхамбетов Марат Абилакимович жетекшілік етті.

Кафедраны 2007 жылдан бері Лосева Ирина Викторовна меңгерушілік етеді.

Кафедрада әр уақыт кезеңдерінде  оқытушылар М.Е.Амантаева, Г.М.Бурабаева және Г.Калимова, М.Т.Асмағамбетова, Г.М.Рахимжанова қызмет атқарды.

1950 жылдың тамыз айында жалпы және аналитикалық химия кафедрасы ұйымдастырылды. Алғашқы штат құрамы 3 адамнан құралған, кафедра меңгерушісі химия ғылымдарының кандидаты, доцент С.Т. Омаров жетекшілік етті. 1955 жылдан 1964 жылдары химия кафедрасын Валентин Вильгельмивич Крузе меңгерді. Ол Одескі ауыл шарушылық институтын химия мамандығы бойынша бітірген. Кафедраның негізгі ғылыми-зерттеу жұмысының бағыты Орталық Қазақстанның демалыс қорлары мен емдік балшықтардың физика – химиялық қасиеттері болып табылды.

1964 жылдан бері химия кафедрасын химия ғылымдарының кандидаты А.И. Лесняк, доцент А.А. Батков, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Ю.А.Молчанов, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент В.Ф.Огарков, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Б.З.Кокжалова басқарды.

2007 жылдан химия курсының меңгерушісі профессор Ленина Михайловна Власова басқарады.

Қазіргі таңда кафедрада  профессорлар: Абдуллабекова Раиса Мусулманбековна, Власова Ленина  Михайловна  , 

профессор-зерттеушілер: Ивасенко Светлана Александровна, Атажанова Гаянэ Абдулкахимовна,

қауымдастырылған профессорлар: Хрусталев Дмитрий Петрович, Медешова Айгул Турдыханкызы, Кокжалова  Бибимариям  Закировна,  Фигуринене Ирина Владиславовна, Махмутова Алмагуль Сатыбалдиевна, Закарин Сагингали,  Нурмаганбетов Жангельды Сеитович,  Мамбетерзина Гульнара Кенесовна,

ассистент- профессорлар: Сотченко Раиса Калиновна, Ногаева Айнакул Ногаевна, Сулейменова Лязкен Кайдашовна, Реметова  Назигуль Сериковна, Жунусова Майра Абыловна,

оқытушы-зерттеуші Шакаримова Куаныш Казбековна,

оқытушылар: Абдрахманова Гульмира Марсовна,  Аширбекова Бибигул Бокеновна, Копжасарова Асель Бериковна, Турсынова Шынар Бабашовна,

 оқытушы-стажерлар Тулебаев Ерболат Абибилаевич, Мукабылова Арайлым Омиргалыкызы, Жолдасбаев Мұса Еркінұлы,  Кызкенова Айкоркем Жумагалиевна , Турдиева Жанель  Асхатовна,

кафедра әдіскері Курмантаева Гулниса Колбашевна  , 

лаборанттар:  Кадырова Сауле Жансултановна,  Кумекбаева Айжана Айдархановна, Хрусталева Анастасия Андреевна, Тельменбетова Айнур Бекеновна белсенді түрде жұмыс атқаруда.

Кафедраның ғылыми зерттеу бағыты:

·  Отандық дәрілік өсімдік шикізат негізінде дәрілік фитопрепараттар жасау.

·  Фармацевтикалық нарықтағы маркетингтік зерттеулер

·  Әлеуметтік фармация

·  Органикалық дәрілік заттарды қауіпсіз синтездеу

·  Кейбір фосфор құрамдас алкалоид туындыларының биологиялық белсенділігін және құрылымы мен синтезі.

·  Күкірт, рений, хром және мыстың электрохимиялық қасиеттері

·  Көмір қалдықтарын кешенді өңдеу

·  Табиғи қосылыстардың молекулаларын квантты-химиялық зерттеу.

Кафедраның негізгі жетістіктері:

Кафедрада 2 фармацевтикалық ғылымдардың докторы, 1 химия ғылымдардың докторы, 1 биология ғылымдарының кандидаты, 1 фармацевтика және 5 химия ғылымдарының кандидаты, 1 техникалық ғылымдардың кандидаты, химия және фармацевтика магистрі жұмыс атқарады.

Кафедраның ПОҚ әдістемелік және ғылыми жұмыстармен белсенді жүргізеді. Соңғы жылдары «Фармация», «Жалпы медицина», «Стоматология», «Медициналық-профилактикалық іс» мамандықтарының студенттеріне арналған 20 –дан астам оқу-әдістемелік құралдар жарияланды.

Ғылыми зерттеу қорытындылары және білім беру мәселелері бойынша 100 жуық жұмыстар басылды. 10 өнер тапқыштық және авторлық куәлік патенттер бар.

Кафедраның оқытушылары өздерінің құзыреттілігін магистратурада, докторантурада, біліктілікті арттыру курстарында белсенді дамытуда және жетілдіруде.

Кафедрада «Фармация», «Жалпы медицина», «Стоматология», «Медициналық-профилактикалық іс», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармацевтикалық өндірс технологиясы» мамандықтарының студенттері білім алады.

2013-2014 оқу жылында «Фармация» және «Фармацевтикалық өндірс технологиясы» мамандықтары бойынша магистратура және PhD докторантура ашылды.

Кафедра «фармация» және «Фармацевтикалық өндірс технологиясы» бакалаврының бітіруші кафедрасы болып табылады.

Кафедра қызметкерлері студенттер арасында тәрбие жұмысын белсенді түрде жүргізеді, оқу топтарының, жатақхана студенттерін ғылыми жұмыстарымен,  эдвайзерлікке, магистерлік және докторлық диссертацияларға жетекшілік етеді.

Мекен- жайы:

қ.Қарағанды қаласы

Ерубаев көшесі 18 үй, 3 қабат

тел: .8 – (7212) – 503930 (1245, 1391) e.mail. loseva@kgmu.kz

vlasova@kgmu.kz