Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Білім беру
Студентке
Сапаны қамтамасыз ету комитеті

Зерттеу мектебінің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Комиссия

Зерттеу мектебінің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Комиссия докторантураның білім беру бағдарламаларын дамыту және іске асыру бойынша мектептің қызметін стратегиялық басқаруды жүзеге асырады. Комиссия алқалы орган болып табылады, оның құрамына университет қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы, жұмыс берушілер мен білім алушылар кіреді.

Комиссия қызметінің негізгі мақсаты "Қарағанды медицина университеті" КЕАҚ докторантура білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау болып табылады. Комиссия докторантураның білім беру бағдарламаларының мазмұнын, іске асырылу шарттарын, оқу нәтижелеріне қол жеткізуді, мектептің басқа да академиялық мәселелерін бағалайды, білім алушылар мен ПОҚ-ның қанағаттанушылығына, академиялық адалдықтың бұзылуына талдау жүргізеді.

Зерттеу мектебінің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның төрағасы - PhD, акушерлік, гинекология және перинатология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, «Медицина» докторантура білім беру бағдарламасының 2019 жылғы түлегі Турдыбекова Ясминур Габдулхаковна болып табылады.

Комиссия мүшелері:

Ахмалтдинова Людмила Леонидовна, м.ғ.к., ғылыми-зерттеу орталығының ұжымдық пайдалану зертханасының меңгерушісі;

Жумакаева Айнур Маратовна, PhD, онкология және сәулелік диагностика кафедрасының ассистенті;

Болатова Жанерке Ерлановна, «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасының 3 курс докторанты;

Механцева Ирина Викторовна, «Медицина» білім беру бағдарламасының 1 курс докторанты.