Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Білім беру
Студентке
Іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесі

Құрметті достар, Қарағанды медицина университетінің зерттеу мектебі сіздерді қарсы алуға қуанышты!

2012 жылдан бастап Қарағанды медицина университеті PhD докторантураның 3 білім беру бағдарламасын жүзеге асырады: "Медицина", "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Фармация", 2014 жылдан бастап - "Фармацевтикалық өндіріс технологиясы" білім беру бағдарламасы. 2020 жылы "Мейірбике ғылымы" білім беру бағдарламасына докторанттарды алғашқы қабылдау жүзеге асырылды.

Докторантураның білім беру бағдарламаларын іске асырудан бастап оқуға 164 докторант түсті, 85 адам оқуын аяқтады, 50 докторлық диссертация сәтті қорғалды, 49 түлек PhD дәрежесін алды, 67 адам оқуын жалғастыруда.

Докторантураның білім беру бағдарламалары қазіргі заманғы денсаулық сақтау мен жеке дамудың нормативтік талаптары мен қажеттіліктеріне сәйкес келетін білім беру ортасы жағдайында жүзеге асырылады. Докторантураның білім беру бағдарламалары іргелі даярлық, оқу процесі мен ғылыми зерттеулерді біріктіру қағидаттарына сәйкес әзірленді.

Докторантураның білім беру бағдарламаларының мақсаты білім беру және ғылым ұйымдарында практикалық жұмыс істеу үшін көшбасшы - ғалым-зерттеушілерді, сарапшылар мен педагогтарды даярлау болып табылады.

Егер Сіз докторантура шеңберінде сапалы жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға бағдарлансаңыз – біздің университетті таңдаңыз. Қарағанды медицина университеті - Сіздің дұрыс таңдауыңыз! Профессор-оқытушылар құрамы, зертханалардың ғылыми қызметкерлері, әкімшілік қызметкерлері сіздің оқуыңыздың сапалы әрі жайлы болуына, ал Сіздің білім беру мен зерттеулердегі табыстарыңыз болашақ мансабыңыз үшін негіз болуына барлық күш-жігерін жұмсайды.

Білім беру бағдарламалар (докторантура PhD)

Дайындық бағыты

Білім беру бағдарламасының шифры

Білім беру бағдарламасының атауы

Білім беру бағдарламасының түрі

8D10

«Денсаулық сақтау»

8D10100

Медицина

Қолданыстағы

8D10

«Денсаулық сақтау»

8D10139

Қоғамдық денсаулық сақтау

Қолданыстағы

8D10

«Денсаулық сақтау»

8D10140

Фармация

Қолданыстағы

8D10

«Денсаулық сақтау»

8D10101

Мейірбике ғылымы

Инновациялық

8D07 «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары»

8D07201

Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

Қолданыстағы

Толығырақ ақпарат Жоғары білімді басқарудың бірыңғай жүйесінің білім беру бағдарламаларының тізіліміндегі сілтеме бойынша

http://esuvo.platonus.kz/#/register/education_program