Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Білім беру
Студентке
Зерттеу мектебі

Құрметті достар, Қарағанды медицина университетінің Зерттеу мектебі сіздерді қарсы алуға қуанышты!

Зерттеу мектебі 2019 жылы функционалды қайта құру және ғылым бөлімімен бірігу арқылы құрылды.

Зерттеу мектебінде университеттің ғылыми және инновациялық қызметін жоспарлау, ұйымдастыру, мониторингілеу жүзеге асырылады, докторантураның білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады.

Зерттеу мектебі ғылыми-зерттеу жұмыстарын табысты жүзеге асыру үшін университеттің ғылыми-зерттеу бөлімшелерін, мектептерін, кафедраларын, ӘБП, қызметкерлері мен білім алушыларын біріктіреді.

Мектеп университеттің ғылыми және зияткерлік әлеуетін дамытуға барынша ықпал етуге ұмтылады. Мектеп мамандары жоғары оқу орнының қызметкерлері мен білім алушыларына олардың ғалым және зерттеуші ретіндегі табысты мансабын дамыту үшін консультациялық көмек көрсетуге мүмкіндік беретін тәжірибе мен құзыреттерге ие.

Мектептің негізгі міндеттері:

- Университеттің ғылыми және инновациялық қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру;

- Университеттің ғылыми және инновациялық жобаларының орындалуын бақылау;

- Университеттің ғылыми және инновациялық қызметін әдістемелік қамтамасыз ету;

- Өнеркәсіптік және зияткерлік меншік объектілерін анықтау және олардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету;

- Университеттің ғылыми және инновациялық жетістіктерін есепке алуды ұйымдастыру;

- "Медицина және экология" тоқсан сайынғы ғылыми-практикалық журналын және университеттің басқа да ғылыми басылымдарын шығаруға баспаға дейінгі редакциялық және өндірістік-баспа дайындығы;

- Докторантура деңгейінде оқу процесін үйлестіру;

- Докторантура деңгейінде оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және өткізу;

- Докторанттарды оқытуға арналған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін материалдық-техникалық және ресурстық базаға, кадрлық әлеуетке қойылатын өлшемдер мен талаптарды әзірлеу және бекіту;

- Докторанттарға оқыту және зерттеу қызметі сұрақтары бойынша кеңес беру;

- Университет қызметкерлері мен докторанттарына өздерінің ғылыми мансабын жоғарылатуға көмек көрсету.