Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті

Қабылдау ережелері

Қарағанды медицина университетінің Мейіргерлік білім беру мектебіне талапкерлерді қабылдау 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес (04.06.2021 ж. өзгерістер мен толықтыруларымен) КеАҚ ҚМУ-нің Мейіргерлік білім беру мектебіне негізгі орта, жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік), жоғары білімі бар (жоғары кәсіптік) Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша КеАҚ ҚМУ Мейіргерлік білім беру мектебіне азаматтарды қабылдау ағымдағы жылдың25 маусымынан 25 тамызына дейін жүзеге асырылады.  

Оқуға түсу үшін құжаттарды кәмелетке толған адамдар жеке өзі, кәмелетке толмағандар – заңды өкілінің қатысуымен ұсынады.

Қабылдау кезінде Конкурс орташа конкурстық балл (бұдан әрі –ОКБ) негізінде өткізіледі. ОКБ КеАҚ ҚМУ-де өткізілген міндетті пәндер, бейінді пәндер, арнайы емтихан бағасы (психометриялық тестілеу) бойынша бағалар сомасының орташа мәні ретінде айқындалады.

Бағалардың орташа балы:

-  негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер үшін (9 – сынып) - үш пән: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі), мамандық бейіні бойынша екі пән бағаларынан;

-  жалпы орта білімі, ТжКОББ бар түсушілер үшін – төрт пән: міндетті пәндер (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән бағаларынан.

ББ шифры

Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары

Бейінді пән 1

Бейінді пән 2

0301000

Емдеу ісі

Биология

Биология

0302000

Медбикелік іс

Биология

Биология

0304000

Стоматология

Биология

Биология

0307000

Ортопедиялық стоматология

Биология

Биология

0305000

Зертханалық диагностика

Биология

Биология

0306000

Фармация

Химия

Биология

0303000

Гигиена және эпидемиология

Биология

Биология

0308000

Медициналық оптика

Биология

Биология

Білім алушылар құрамына қабылдау

Күндізгі оқу нысанына білім алушылар қатарына қабылдауды қабылдау комиссиясы 2021 жылғы 25-31 тамыз аралығында жүргізеді.

Құжаттар тізімі:

1.  жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін), шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар құжатты ұсынады;

2.  білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;

3.  3x4 см көлеміндегі 8 дана фотосурет;

4.  «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21759 болып тіркелген) бекітілген № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама, I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21759 болып тіркелген) № 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы;

5.  № 065-У нысаны бойынша медициналық анықтама;

6.  2 конверт;

7.  құжат тігілетін мұқаба;

8.  әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат.