Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті

Білім беру аумағы

0300000 Медицина, фармацевтика

Дайындық бағыты

0306000 –Фармация

Білім беру бағдарламасының тобы

ББ 0306000 –Фармация

Білім беру бағдарламасы

03060 13- фармацевт

ББ мақсаты

Халыққа фармацевтикалық көмек көрсету кезінде қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға, медицина мен фармацияда озық инновациялық технологияларды қолдануға және дамытуға, ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін пайдалануға, халықтың денсаулығын нығайтуға қабілетті білікті мамандарды даярлау.

Түлектеркомпетенциясы

Оқыту.
Ақпаратты басқару, сыни ойлау және шешім қабылдау дағдыларын қолдана отырып, өзінің оқу қажеттіліктерін мойындайды және оқу мақсаттарын қояды.
Этика және кәсібилік.
Шұғыл медициналық көмек көрсету процесінде пациенттермен, олардың отбасыларымен және әріптестерімен өзара іс-қимыл кезінде кәсіби этикалық қағидаттар мен нормаларды ұстанатынын көрсетеді. Өз іс-әрекеттері мен жұмыс нәтижелері үшін жауапкершілікті қабылдайды, сондай-ақ оң жұмыс ортасын қолдайды
Коммуникациялар және командада жұмыс істеу.
Технологиялардың кең спектрін пайдалана отырып, әртүрлі жағдайларда әртүрлі адамдармен тиімді өзара іс-қимыл жасай алады.
Денсаулықты нығайту. Пациенттерге/клиенттерге, отбасылар мен халық топтарына тиімді бақылау және кеңес беру арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру және денсаулықты нығайту.
Қауіпсіздік және сапа. Дәлелді білімді, технологиялық жетістіктер мен кәсіби дағдыларды тиімді қолдану негізінде шұғыл көмек көрсетудің сапасы мен қауіпсіздігіне жауапты болады.
Клиникалық құзыреттілік. Дәлелді практика қағидаттарына негізделген науқасқа бағдарланған көмекті жүзеге асырады және білімін көрсетеді.

ББ түрі

Қолданыстағы ББ

ҰБШ бойынша деңгей

4

СБШ бойынша деңгей

-

Айрықша ерекшеліктері

-

Берілетін академиялық дәреже

Фармацевт

Оқу мерзімі

2 жыл 10 ай жалпы орта білім базасында

Кредиттер көлемі

180

Оқыту тілі

Қазақ, орыс

Кадрларды даярлау бағыттарына арналған лицензияға қосымшаның болуы

KZ72LAA00009866  14.08.2017ж.

Аккредиттеудің болуы

№ KZ32LAA00016018  06.05.2019

Маман лауазымдарының тізбесі

Фармацевт

Кәсіби қызмет саласы

Фармацевтикалық ұйымдар, дәрілік препараттарды дайындау, Дәрілік заттарды, дәріхана ассортименті тауарларын босату жөніндегі денсаулық сақтау мекемелері; жоғары білімді маман болмаған жағдайда дәріхананың құрылымдық бөлімшелері және дәріхана ұйымдары.

Кәсіби қызмет объектісі

Дәрілік заттар, дәрілік өсімдік шикізаты, субстанциялар, қосалқы материалдар, дәріхана ассортиментінің тауарлары; дәріхана жағдайында дәрілік препараттарды дайындау үшін қолданылатын жабдық; дәріхана ассортиментінің тауарларын өткізу кезінде пайдаланылатын жабдық; фармацевтикалық ұйымның қызметін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету; жеткізушілер мен тұтынушылар.