Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Білім беру
Талапкер
Докторантура
Докторантураға түсу үшін алдын ала іріктеу тәртібі

Докторантураға түсу үшін алдын ала іріктеу тәртібі

«Қарағанды медицина университеті»КеАҚ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларымен» Қарағанды медицина университетінің денсаулық сақтау саласындағы докторантураның мынадай білім беру бағдарламалары бойынша алдын ала іріктеу жүргізілгені туралы хабарлайды:

«8D10100 Медицина», «8D10101 Мейіргер ғылымы», «8D10139 Қоғамдық денсаулық сақтау», «8D10140 Фармация».

Құжаттар ағымдағы жылдың 1 ақпанынан 15 сәуіріне дейін talapker@qmu.kzэлектронды поштасына (қабылдау комиссиясына құжаттардың түпнұсқаларын кейіннен ұсына отырып, сканерленген түрде ) немесе мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қарағанды қ., Гоголь көшесі, 40, 101 каб.

Қажетті құжаттар тізімі:

1. Ұйым басшысының атына өтініш.

2. Жеке куәліктің көшірмесі.

3. Жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі.

4. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттың көшірмесі (өткен жылдардың түлектері үшін) немесе оқу орнынан анықтама (әлі оқитындар үшін).

5. Еңбек кітапшасының көшірмесі.

6. Ағылшын/француз/неміс тілдеріндегі мотивациялық эссе.

7. Нысан бойынша ғылыми еңбектердің тізімі (бар болса).

8. Диссертациялық зерттеудің аннотациясы.

Құжат нысандарын сілтеме арқылы жүктеуге болады.

Әңгімелесу  2024 жылдың 16 сәуірінде өтеді.

Алдын ала іріктеуден өту нәтижесі ағымдағы жылдың 15.05 дейін электрондық поштаға жіберіледі.

Туындаған сұрақтар бойынша мына  телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады: +7(7212) 50-06-35, +7 (7212) 50-39-30 (ішкі нөмір 1340), (IP 1220,1665).