Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Ғылым
Комиссия жұмысының регламенті және құжаттар тізбесі

Құжаттар келесі тізбе бойынша айдың 10-күніне дейін қарауға қабылданады:

а) төрағаның атына өтініш жүктеу

б) диссертациялық жұмыс,ғылыми-зерттеу жобасы / немесе өзге де ғылыми жұмыс; 

в) ғылыми кеңесшілердің/ғылыми жетекшілердің пікірлері;

г) диссертация немесе ғылыми-зерттеу жобасы/немесе ғылыми жұмыс орындалған кафедраның (құрылымдық бөлімшенің) қорытындысы;

д) зерттеу/диссертация аясында жарияланған еңбектер тізімі;

е) университеттің плагиатқа қарсы тексеру жүйесіндегі тексеру нәтижелері;

ж) университеттің биоэтика жөніндегі комитетінің және (немесе) биологиялық және медициналық этика мәселелері жөніндегі орталық комиссияның оң қорытындысы (объектісі адам немесе жануар болып табылатын зерттеулер үшін) (қажет болған кезде);

з) бағалау мүмкіндігі бар жұмысқа бастапқы материалдың тізбесі (журналдар, деректер базасы, ауру тарихынан үзінділер, биоматериалдар, жағындылар, гистоблоктар және т.б.).

Барлық материалдар комиссия хатшысының электрондық мекенжайына PDF форматында электрондық нұсқада (файлдардың мөлшерін сығуға жол беріледі) беріледі: SmagulovaA@qmu.kz

Байланыс телефоны: Тел: +7 7212 50 39 30 (доб. 1435) Хатшы –Смағұлова Әсел Әділханқызы, зерттеу мектебінің маманы.