Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Білім беру
Академиялық ұтқырлық
Академиялық ұтқырлық

Академиялық оралымдылық

4e101986e4bb72615e0141adab056020

Академиялық ұтқырлық – оқыту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге: семестрге немесе оқу жылына өзінің жоғары оқу орнында немесе оқуды жалғастыру үшін басқа жоғары оқу орнында кредиттер түрінде меңгерген білім беретін оқу бағдарламаларынан міндетті түрде қайта сынақ тапсыра отырып, басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелге) білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді ауыстыру.

Жеке академиялық ұтқырлық – оқу, оқыту, зерттеулер өткізу үшін  оқушыны/оқытушыны немесе қызметкерді белгілі бір уақытқа, басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелге) ауыстыру, одан кейін оқушы, оқытушы немесе қызметкер өзінің негізгі оқу мекемесіне қайтып келеді. Бұл түсінік шетелде ұзақ (1 жылдан астам) оқу (жұмыс) кезеңімен байланысты емес.

Сыртқы (халықаралық) академиялық ұтқырлық – оқушылардың шетелдік жоғары оқу орындарында оқуы, оқытушылардың және қызметкерлердің шетелдік білім беру немесе ғылыми мекемелеріндегі жұмысы.

Ішкі (ұлттық) академиялық ұтқырлық - ҚММУ студенттері мен ПОҚ қазақстандық университеттер мен ғылыми орталықтарда оқуы.

Сатылас ұтқырлық  – шетелдік жоғары оқу орнында дәреже алу үшін студенттерді, магистранттарды және докторанттарды PhD толық оқыту.

Деңгейлес  ұтқырлық – білім алушылардың шетелдік және отандық жоғары оқу орындарында оқуы, ПОҚ мен ғылыми қызметкерлердің нақты бір уақыт кезеңінде (семестр, оқу жылы) жоғары оқу орындары немесе ғылыми мекемелерде жұмыс істеу мүмкіндігі.

ҚММУ-дің студенттері мен ПОҚ академиялық ұтқырлығы ынтымақтастық туралы меморандумдар, жоғары оқу орындары арасындағы келісім-шарттар мен келісімдер аясында жүзеге асырылады.