Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті

Ахметов Уалихан Исаевич

02a8f5a17e8b1f9ec6038cd42680e893

Соңғы лауазымы:

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының басшысы

Туған жылы: 15.09.1972

Туған жері: ҚазКСР

Тілдерді білуі:  Қазақ, орыс, ағылшын

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

С. Ж. Асфендияров  атындағы Алматы мемлекеттік медицина институты (1995), Емдеу ісі

 Кемерово мемлекеттік университеті (1998), мамандығы «Әлеуметтік сала, денсаулық сақтау және сақтандыру экономикасы, экономист»

Шетелде біліктілікті арттыру курстары:

SABIT бағдарламасы - Денсаулық сақтау менеджменті және ауруханаларды басқару. Вашингтон, АҚШ (2004);

«Қазақстандағы бюджеттік саясат және бюджеттік процесс». ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясы (2004);

«Мемлекеттік басқару, халықаралық экономика». Джорджтаун университеті, Вашингтон, АҚШ (05.2006);

«Денсаулық сақтауды басқару және медициналық ұйымдардың менеджменті». Шарите университеттік клиникасы, Берлин қ. (10.2006);

Тәуелсіз медициналық сараптама, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі  аудиті (07.2008-08.2008);

Қаржы, несие, бухгалтерлік есеп. USAID, «Корана» корпорациясы(01.2009-02.2009);

Ұлыбританияның білім беру және ғылыми зерттеулер жүйесі. Global Conferences, Лондон, Оксфорд, Кембридж (03.2009);

Клиника менеджменті және денсаулық сақтауды басқару. Медициналық логистика. Parkway College, Сингапур (08.2009-09.2009);

Денсаулық сақтаудағы тиімді басқару. Ұлыбритания (02.2010);

Холдингтер. Корпоративтік басқару. РҮКБМА, Мәскеу (11.2010)

Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:

«Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» мамандығы бойынша докторлық, кандидаттық, магистрлік диссертациялар. Кандидаттық және докторлық ғылыми дәрежелерді алуға арналған диссертациялық жұмыстар медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету мәселелерін зерттеуге арналды (осы проблеманың ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік аспектілері)

Еңбек өтілі:

ҚР ДСМ Алматы қаласы бойынша «Медициналық қызметтердің сапасын талдау және бағалау Ұлттық орталығының» директоры (2000-2003);

ҚР Президенті әкімшілігінің экономикалық саясат басқармасы жүйелік зерттеулер орталығының секторының меңгерушісі (2003-2004);

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік саладағы шығындарды жоспарлау департаментінің директоры (2004-2005);

ҚР ДСМ медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің төрағасы (2005-2006); 

ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту институтының жетекші ғылыми қызметкері, ұлттық инновациялық қор Президентінің кеңесшісі, «Әлеуметтік инновациялық технологиялар» АҚ вице-президенті (2006-2008);

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Ғылыми және клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры, жоспарлау және дамыту мәселелері жөніндегі проректоры (2008-2011);

Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институтының ректоры, «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМҚК-ның директоры.

«Көз аурулары ҒЗИ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы,  Еуразиялық Денсаулық сақтау қауымдастығының бақылау кеңесінің төрағасы (06.2011-2015);

«Оқу-клиникалық орталығы»  Алматы филиалының басшысы (2015);

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы (01.2016-10.2017);

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының басшысы (2018 жылдан бастап)

Басқа да лауазымдар:

Халықаралық денсаулық сақтау экономистері қауымдастығының мүшесі (IHE);

Алматы қаласы бойынша тәуелсіз медициналық сарапшылар қауымдастығының аккредиттелген мүшесі;

Сайлау лауазымдары, депутаттық:

3-ші шақырылымдағы Медеу ауданынан Алматы қалалық мәслихатының депутаты (экономика және қаржы мәселелері жөніндегі комиссия)

Ғылыми, әдеби еңбектері, жарияланымдары:

Ұйымдастыру және экономика, денсаулық сақтау, сақтандыру тақырыбы бойынша 60-тан астам жарияланымдары бар.