Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
ЖОО туралы ақпарат
«ҚМУ» КеАҚ рәміздері
«ҚМУ» КеАҚ символы

«ҚМУ» КеАҚ символы

07597d15fcf760c41fbd91e85ae05e08

Қарағанды медициналық университеті шахтерлер астанасының нақ ортасында – көмір қорына бай Қарағанды қаласында орналасқан. Қарағанды басы (дәлірек айтқанда, Қара төбе) өңірінде тас көмірді бірінші және қашан кімнің ашқаны туралы орыстың белгілі этнографы А. Гейнс алғаш рет айтқан. Байтақ өлкеге саяхат жасаған ол Қарағанды көмірін алғаш рет ашушы кәдімгі суыр деген қорытынды жасаған. «Суырлар, – дер жазған Гейнс, – жер астындағы тас көмір қабаттарында қыстағанды ұнатады. Олардың ін қазғанда сыртқа шығарып тастаған қара топырақтары сол жерде тас көмірдің бар екенінің анық белгісі болып табылады». Кейін осы жерлерде шахтерлер қаласы Қарағанды бой көтерді, ал суыр қаланың символына айналып, 2007 жылға дейін Қарағанды қаласының гербінен лайықты орнын алып келді. Сондықтан университет студенттерінің таңдаған айырықша белгісі суыр болуы бекер емес. Маңғаз және тәкаппар суыр мантия мен конфедераткада қолына стетоскоп ұстап тұр. Суыр – айырықша белгі ғана емес, университет сутденттерінің рухын – дәстүрлерді, инновацияларды, көшбасшылықты бейнелейтін сипаты бар белгі!