Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Ақпарат хабар
Құрметті әріптестер, студенттер және жас ғалымдар!

Құрметті әріптестер, студенттер және жас ғалымдар!

06 Қаңтар 2015

Сіздерді «КӨПТІЛДІЛІК ЖОҒАРЫ  БІЛІМ  БЕРУ КОНТЕКСІНДЕ» тақырыбындағы 2015 жылдың 26 –ақпан айында  өтетінстуденттер мен жас ғалымдардың республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз (әрі қарай конференция)

Конференция мақсаты: көптілділік тұлғаны дамыту бойынша  Президент бағдарламасын қолдау, көптілділік білім беру мәселелері бойынша ғылыми зерттеуді интеграциялау.

Конференция шеңберінде келесі бағыттар бойынша жұмыстар болады:

1.Қазақстан Республикасында көптілді оқытудың теориясы мен практикасы.

2.Көптілділік әлемдік тәжірибе контексінде

3.Медициналық жоғары оқу орындары  студенттерінің көптілділік дайындықтағының заманауи жағдайы.

4.Тіл мен мәдениет полилогы: тарих пен  қазіргі уақыт.

5.Тілдегі ұлттық мәдениеттің бейнесі

Конференция тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, неміс.

Конференцияға қатысу өтінімі (берілген  нысан бойынша) мақалалар мәтіні және ұйымдастыру жарнасы төленгені туралы сканерленген түбіртек көшірмесін (500 теңге)  2015 жылдың 23-қаңтарына дейін lyova_f@mail.ru немесе ayman9057@mail.ru электрондық поштасына, сондай-ақ мына көрсетілген мекенжайға жіберу керек 100000, Қазақстан Республикасы Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі 18, Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті №1 оқу корпусы , 1- қабат шет тілдер кафедрасы.

Ұйымдастыру комитеті lyova_f@mail.ru немесе ayman9057@mail.ru электрондық поштаға жіберілетін  құжаттар екі файлда (бір мақала, бір өтінім) ұсынылады. Файл атауы- бастапқы автордың фамилиясымен аталуы қажет (мысалы И.И.Иванов)

  Баяндаманы (мақаланы) ресімдеуге қойылатын талаптар:

  Мақала мәтіні 4 бетке дейін (суреттер мен кестелер бірге) MicrosoftWord мәтін редакторында шрифт TimesNewRoman / TimesNewRomanKZ (кегль – 14, жол аралық интервал – 1,5пт. сол жақ жиек – 3,0 мм, қалған жиектер – 2,0 мм, азат жол шегінісі – 1,25 см. ) тасымал автоматты түрде, көлбеу арқылы  мәтін белгіленеді. 

Материал келесі рет бойынша ресімделеді: оң жақта – мақала атауы бас әріппен, тасымалсыз (шрифт - жартылай қарайтылған, жол ортасына қарай туралау), келесі жолда, жол ортасында автор(лар)дың тегі мен инициалдары, келесі жолда – оқу орнының толық атауы, ұала атауы (жол ортасында ) бір жолдан кейін көлбеумен жол ортасында – ғылыми жетекшінің тегі мен инициалдары, ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы.

Әрі қарай бір жолдан кейін мақаланың мәтіні теріледі. Мәтінекі жақ шетке  тураланады. 

Сілтемелер мәтінде төрт бұрышты жақша арқылы белгіленеді [1, б. 22].

Қолданылған әдебиеттер мақала соңында (TimesNewRoman / TimesNewRomanKZ, 12 кегль) негізгі мәтіннен бір жолдан кейін қазіргі мемлекеттік стандарт ережесіне сай  көрсетіледі. Беттер нөмірленбейді.

Мақала мәтіні барлық талаптар бойынша мұқият  тексерілуі тиіс.

Ресімдеу талаптарына сай орындалмаған және көрсетілген мерзімнен кешіктіріліп ұсынылған мақалалар конференция материалдарының  жинағына  енбейді және авторларға кейін қайтарылмайды.

Барлық сұрақтар бойынша конференцияның ұйымдастырушы комитетіне  хабарласыңыз.

Ұйымдастырушы комитетінің телефондары: 8(7212) 56-41-81 (ішкі. 117), моб.тел. 87015346396 Левина Ольга Игорьевна, 87012412278 Кельмаганбетова Айман Сагинтаевна

E-mail: lyova_f@mail.ru немесе ayman9057@mail.ru

Ұйымдық  жарналықтың төлемақысы үшін деректемелер

Есеп-шот:

«ҚММУ қызметкерлері мен студенттерінің тәуелсіз кәсіпкерлер ұйымы»

АҚ Қазақстан Халық Банкі

БИН 030240000359

БИК HSBKKZKX

ИИК KZ166010191000044760

Код 18

  «Ұйымдық  жарналықтың төлемақысы» белгісімен

Іс-сапар шығыны, конференцияға қатысу және орналасу жіберуші жағынан төленеді.

1 ҚОСЫМША

Мақаланы ресімдеу үлгісі

КӨПТІЛДІЛІК БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА

Т.В. Шамсутдинова

Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті, Қарағанды қаласы

Ғылыми жетекшісі: О.И.Левина ҚММУ шет тілдер кафедрасының оқытушысы

Мәтін …………………..

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Татур Ю.Г. Высшее образование: методология и опыт проектирования. Учебно-методическое пособие. – М.: Университетская книга, 2000. -75 с.

2. …………………….

2 ҚОСЫМША

Конференцияға қатысу өтінімі

1.

Автордың (лардың) толық аты -жөні

2.

Ғылыми жетекшінің (толығымен) аты-жөні, ғылыми дәрежесі/атағы, лауазымы

3.

Оқу орнының толық атауы, қаласы, мамандығы, курсы

4.

Баяндаманың толық атауы

5.

Конференция жұмыс бағытының атауы

6.

Автор(лардың)  пошталық мекежайы, телефоны

7.

Автор(лардың)  E-mail

8.

Қатысу нысаны: іштей, сырттай

9.

Қажет техникалық құралдар

10.

Жинақ саны

11.

Қонақүй номерін броньдау қажет пе (ия/жоқ)


0
19725

пікірлер

пікір қалдыру үшін.