Басты бет
Жаңалықтар
Жаңалықтар
09 Қаңтар 2023
Бүгін Ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері мен Халықаралық медицина факультетінің 3,4 курс студенттері "Мейірімділік" қарттар және мүгедектер үйіне барды. Мекеменің 34 тұрғынын Жаңа жыл және Рождество мерекесімен құттықтады. Барлығына пайдалы сыйлықтар табысталды.
09 Қаңтар 2023
20 желтоқсанда ҚеАҚ Қарағанды медицина университеті ректорының есептік кездесуі өтті. Кездесу аясында Анар Ақылбекқызы Тұрмұхамбетова жыл қорытындысы бойынша оқытушылар мен жұртшылыққа есеп берді. Ректор университет жұмысының әртүрлі аспектілері, жетістіктері мен мәселелері туралы егжей-тегжейлі айтып, болашақта университет алдында тұрған міндеттер туралы да айтты.
05 Қаңтар 2023
Қарағанды қаласында 2022 жылғы 16 қазаннан 24 желтоқсанға дейін «Шахтер» стадионында үстел теннисінен жыл сайынғы студенттер лигасы өтті. Жарысқа ҚМУ командасы қатысып, тамаша нәтижелер көрсетті.
05 Қаңтар 2023
Семей қаласында 2022 жылғы 17 желтоқсанда жауынгерлік самбодан Қазақстан кубогы мәресіне жетті. Жарысқа «ҚМУ» КеАҚ ЖМ 4010-топ студенті Ж. Нұрлан қатысты. Ол 3-ші орынды иеленіп, жауынгерлік самбодан спорт шебері кандидаты атағын алды.
27 Желтоқсан 2022
2022 жылдың 16-17 -ші желтоқсан аралығында МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН "САМАРҚАНД – 2020 " III Халықаралық олимпиада өтті
26 Желтоқсан 2022
21 желтоқсан мен 23 желтоқсан аралығында «ҚМУ» КеАҚ «Русский регистр» сертификаттау қауымдастығы» сәйкестікті растау жөніндегі халықаралық органмен менеджмент жүйесіне инспекциялық аудит жүргізді.
21 Желтоқсан 2022
Философия курсы аясында Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының профессор - ассистенті Галина Галия Фанильевна «Жалпы медицина» және «Стоматология» мамандықтарының 2 курс студенттеріне «Қызыл мысықта» баспана-мысық кафесіне саяхат ұйымдастырды.
21 Желтоқсан 2022
19-21 желтоқсан аралығында ДДСҰ-ның ҚР-дағы елдік кеңсесінің қатысуымен ДДСҰ-ның Еуропалық бюросының өкілдері ҚМУ КЕАҚ ӨтҒИ ғылыми-зерттеу зертханасында жұмыс істеді.
21 Желтоқсан 2022
Физикалық денсаулық орталығының жаттықтырушысы Махмет Айбек дзюдодан 2022 жылғы 17-18 желтоқсанда Астана қаласында өткен дзюдодан республикалық шеберлер турнирінде 2 орын алды. Турнирге республиканың әртүрлі облыстарынан 140-тан астам спортшы қатысты. Айбек 66 келі салмақ дәрежесінде күресті. М-2 салмақ дәрежесінде күресіп, финалдық жекпе-жекте Тараз қаласынан келген спортшыға орнын берді.
12 Желтоқсан 2022
«ҚМУ» КеАҚ Тілдерді дамыту орталығы 2022 жылдың 9 желтоқсанындаонлайнформаттақоғам санасын модернизациялау бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Жаңа Қазақстан»: Халықтық рухани сана қалыптастыруда Қазақстан қоғам қайраткерлерінің шығармашылық мұрасының рөлі» атты студенттік ғылыми-теориялық конференция өткізді.