Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар

Жаңалықтар

Бағытынан тайма спорт клуб!
21 Қаңтар 2015
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті күшті дәстүрді жалғастыра отырып, ҚММУ спорт клубы университеттің жетекші стортшыларын ынталандыру тәжірибесін жалғастыруда.
Ректормен кездесу
20 Қаңтар 2015
30- желтоқсанда, жаңа жылдың қарсаңында, ҚММУ ректоры Р.С. Досмағамбетова көркемөнерпаздар үйірмесінің жетекшілерімен дәстүрлі кездесуін өткізді.
Мінез-құлық сабағы
16 Қаңтар 2015
Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде «Ақжүніс» клубы «Темперамент» тақырыбына тренинг өткізді. Тренингті «Стоматология» мамандығының 2-007 топ студенті Житикова Инга өткізді. Тренингте Житикова Инга клуб мүшелеріне адамның мінез-құлықтарының түр-түрлеріне тоқталып, оларға талдау жасады.
«Көңілімнің әуені» гитарашылар сайысы
16 Қаңтар 2015
2014 жылдың желтоқсан айында ҚММУ № 1 жатақханасында «Көңілімнің әуені» атты гитарашылар сайысы өткен болатын. Осы сайыста Университетіміздің әр жатақханасынан қатысушыларымыз жиналып, өз өнерлерімен бізді тәнті қылды. Қатысушыларымыздың барлығы бірі-бірінен асқан таланттылар.
«Ақжүніс» клубының психологпен кездесуі
13 Қаңтар 2015
26.12.14 ж. күні «Ақжүніс» қыздар клубының психологпен кездесуі өтті. Психолог Марченко Ксения Сергеевна қыздармен қызықты әңгіме жүргізіп, бірнеше психологиялық тесттер өткізді. Адам мінез-құлқының терең сырларын, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жүргізу құпияларын, өзіңді және өзіңді қоршаған адамдардың жанын түсінудің әдіс-тәсілдері жөнінде өрбіген бұл кездесуден Ақжүністік қыздардың алған пайдасы мол болды.
Табиғатқа саяхат....
13 Қаңтар 2015
27.12.2014ж. сенбі күні жыл сайын өткізілетін шаңғы серуені биыл да өткізілді. Қарағанды қаласының Оңтүстік Шығыс қарлы беткей даласына «Жалпы медицина» мамандығының 2-6 курс студенттері- тарих үйірмесінің, сонымен қатар белсенді демалыс қатысушылары бет алды.
Ауруханалық сайқымазақтар
12 Қаңтар 2015
2015 жылдың қарсаңында «Феликс дәрігер» жоспары шеңберінде студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімі театр үйірмесімен бірлесіп «Ауруханалық сайқымазақтар» қайырымдылық акциясын дайындады.
"Анатомия- медицина негізі"
12 Қаңтар 2015
Желтоқсан айының 20-жұлдызында Қарағанды мемлекетік медицина университетінде "Жалпы медицина және стоматология" факультетінің II курс студенттерінің арасында "Анатомия- медицина негізі" атты ұранмен "Анатомия-1" пәнінен олимпиада өтті.Олимпиада 3 кезеңнен тұрды. 1- кезең- іріктеу кезеңі, тестілеу түрінде өткізілді.
«Ғылым, инновациялар және технологиялар» 2015 аясында ынтымақтастықты дамыту бойынша шараларға қатысу, 17-19-наурыз, 2015 ж. Франция
12 Қаңтар 2015
Бұл грант Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінің зерттеушілерінің Париж қаласында «Ғылым, инновациялар және технологиялар» 2015, 2015 ж. 17-19 наурыз шарасына қатысу үшін қаржылық демеуді қарастырады (www.stidays.net). Ынтымақтастықты орнатудың тақырыптық басымдылықтары әлеуметтік проблемалар (Инфекциялық аурулар мен өкпенің созылмалы аурулары) және қоршаған орта (Су-Энергия – азық-түлік өнімдері немесе су ресурстарын басқару) болып табылады. Бір елге бір грант бөлінеді.
Үлкен отбасыға кішкентай қуаныш
08 Қаңтар 2015
25.12.14 ҚММУ медициналық колледжінің бірінші курс білім алушылары “Шапағат” балалар үйіне мерекелік бағдарламамен барды. Балалар үйіне барудың негізгі мақсаты: ата - анасының қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерге назар аударып, аз да болсын қуаныш сыйлау, әрбір жеке баланың маңыздылығын көрсету.