Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Н.Ә.Назарбаев- ұлт Көшбасшысы

Н.Ә.Назарбаев- ұлт Көшбасшысы

03 Желтоқсан 2015

2011 жылдың желтоқсан айының 1 жұлдызынан бастап аталып өтетін мемлекеттік мереке Қазақстанның Тұңғыш Президент күні деп аталады. Бұл күні , 24 жыл бұрын бірінші жалпыхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды. 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш өткізілген президент сайлауында сол кездегі Қазақ СРК-ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бес жылдық мерзімге Президент болып сайланды. 15 күн өткен соң 1991 жылдың 16 желтоқсанында Казақстан тәуелсіз мемлекет болып жарияланды.

Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстандағы мемлекеттік жүйенің ядросына айналған Президент институтының қалыптасуы мен нығаюы Тұңғыш Президенттің жеке тұлғасымен тікелей байланысты. Ұлттық көшбасшы тұлғасында қуатты әрі тұрақты мемлекеттік билік экономикалық, саяси және әлеуметтік салаларының қалыптасуы алғашқы жылдарында байқалды.

ҚММУ студенттеріне ұлт көшбасшысының саяси қызметінің басты кезеңдері жайындағы ақпаратты жеткізу шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы А.С.Келмағанбетованың негізгі мақсаты болды. «Жалпы медицина» мамандығы 2-052 тобында «Н.Ә.Назарбаев- Қазақстанның тұңғыш көшбасшысы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Студенттерге  Қазақстан және оның көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев жайында фильм-таныстырлым көрсетілді. Қорытынды бөлімінде студенттер еліміздің басты заңдары, сондай-ақ, қазақ елінің болмысынан мәдени-тарихи оқиғалар жайында викторинаға қатысты

Өткізілген іс-шара студенттердің Отансүйгіштікке, ұлтқа деген және оның Көшбасшысына деген  мақтаныш сезімін тәрбиелеуге  ықпалын тигізді.

Шет тілдер кафедрасы


0
11917

пікірлер

пікір қалдыру үшін.