Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Дүниежүзілік ЖИТС – ке қарсыкүрес күні

Дүниежүзілік ЖИТС – ке қарсыкүрес күні

09 Желтоқсан 2015

29 қараша күні «Таир» сауда үйінде тұрақты комитеттің офицері - Жамиля Разымованың және «Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын алу және онымен күрес жөніндегі орталығы» өкілімен бірлесіп қоғамдық акция өтті. Акцияның мақсаты ЖИТС-тың таралуына, мәселесіне қоғамның назарын аудару болды. KazMSA белсенді қатысушылары Дүниежүзілік ЖИТС – ке қарсы күрес күніне орай флешмоб ұйымдастырды.

Сонымен қатар, «Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын алу және онымен күрес жөніндегі орталығының» өкілі дәрігер – эпидемиолог А.М. Нуржанова KazMSA қатысушыларымен бірге халыққа ЖИТС-тың таралу жолдарын, одан сақтануды айқын көрсететін парақшалар таратып, түсіндірді. Сол орталықтың бас хатшысы С.Г. Могай халықтың ЖИТС туралы қаншалықты білетіні жайлы сауалнама жүргізді.

Күнсұлу Жанбосын

KazMSA бас хатшысы

0
11222

пікірлер

пікір қалдыру үшін.