Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Диабеттің алдын алу және оның диагностикасы.

Диабеттің алдын алу және оның диагностикасы.

21 Қараша 2018

Қарашаның 14-күні Қазақстандық Медицина Жастары ұйымының белсенділері - KazMSA, комитетінің қатысушылары SCOPH(xалықтың денсаулығын сақтау комитеті) Қарағанды қаласының сауда орталықтарының бірінде көлемді іс-шара өткізген болатын. Бұл іс-шара аясында қала тұрғындары профилактикалық тексеруден тегін өтуге және диабет туралы ҚММУ студенттерінен кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.

Қазіргі таңда қазақстандықтар үшін қант диабеті - өте өзекті мәселе. 2017 жылы көрсеткіш бойынша елімізде 309 мың адам диабетпен тіркелген. Сонымен қатар, бұл статистика әрбір үшінші адамның қант диабетімен ауыру мүмкіндігі бар екендігін дәлелдейді.

Халыққа ақпарат беру мақсатында жүргізілген бұл шара өз еркімен қалаушыларға қандағы қант мөлшерін тексертуге, қан қысымын өлшетуге, сондай-ақ, пайдалы кеңестер алуға үлкен мүмкіндік берді. Шара аясында ұйымдастырушылар барлық қала тұрғындарын бұл мүмкіндікті жіберіп алмауға және де өз денсаулығына қарауға шақырды.


0
2714

пікірлер

пікір қалдыру үшін.