Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюға арналған халықаралықкүрес күні

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюға арналған халықаралықкүрес күні

27 Желтоқсан 2018

Әр бір тілде «әйел» деген атауды айтудың түрлі нұсқалары бар, бірақ олардың ешқайсысында бұл сөз «мықты, күшті» деген сөздермен тіркеспейді. Мүмкін әдемі, нәзік, әлсіз, бірақ «мықты» емес. Бұл әйел адамдардың мықты емес деген сөз емес. Бұл дегеніміз, тіпті, ең мықты деген әйелге де одан 10  есе күштірек ер адамның табылатынын аңғартады.

ДДСҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) ақпаратына сәйкес, бүкіл әлемде әрбір үшінші әйел әр түрлі зорлық- зомбылыққа тап болады екен. Бұл мәселе өзінің үлкен көлемде орын алуымен ғана емес, сонымен қатар әлемдегі нәзік жанды қауымның денсаулығына  төндіретін қатерінің салдарымен де көзге түседі. Осыған орай университет қабырғасында желтоқсан айының 13-жұлдызы күні Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің студентері, KazMSA Қазақстан Медицина Жастарының Ұйымы, ұрпақ қалдыру және жыныстық денсаулық бойынша тұрақты комитет SCORA бастамасымен іс-шара өткізілген болатын. Бұл  іс-шараға әр түрлі курс студенттері қатысты. Бұл дегеніміз «білімді болу жас талғамайды» деген тұжырымға дәлел бола алады. Ұйымдастырушылар күресу әдісі ретінде ақпараттандыруды басты назарға алды. Қатысушыларға зорлық- зомбылықтың түрлері, себептері, салдары, сонымен қатар статистикалық көрсеткіштер баяндалатын презентация көрсетілді.  Бұдан басқа, тыңдаушылармен бірге интерактив ұйымдастырылды: студент қыз балалар  кеш тақырыбына сәйкес түрлі жағдайларда қандай іс-әрекет жасау керектігі туралы таңдаулар жасады. Жауап негізінде қиын және даулы сұрақтар да туындады. Сонымен бірге, ұйымдастырушылар осындай қысым көрсетулерге тап болған жағдайда қалай қорғану керектігін де көрсеткен болатын.

Осындай тақырыптағы іс-шаралар біздің қоғам үшін өте маңызды. Сол себепті, біз, студенттер, бұл мәселелерге көз жұма қарамай, керісінше, олармен күресуге шақырамыз!


0
2897

пікірлер

пікір қалдыру үшін.