Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Интерндерді оқытуда бағытталған ғылыми тәсіл

Интерндерді оқытуда бағытталған ғылыми тәсіл

05 Наурыз 2019

Қазіргі уақытта біздің Университет зерттеу мәртебесін алуға және әлемдік университеттік рейтингтерге кіруге ұмтылған кезде оқытудағы ғылыми-бағдарланған тәсілді дамыту аса өзекті болып табылады.

Ғылыми-бағытталған оқыту (Research Based Learning) бізге, интерндерге оқытушының басшылығымен ғылыми әдебиетті талдау мен шолудың зерттеу дағдыларын меңгеруге, зерттеудің негізгі мәселелерін анықтауға, ғылыми-зерттеу қызметін жоспарлауға, деректерді дұрыс түсіндіруге және нәтижелерді таныстыруды меңгеруге мүмкіндік береді.

Білім беру бағдарламасы аясында жедел медициналық көмек кафедрасында профессор А. Р. Алпысованың жетекшілігімен 7-105, 7-106 ЖТД топ студенттері ғылыми-бағытталған оқыту бойынша сабақ өткізді: Cochrainelibrary, PubMed базасынан ғылыми мақалаларды талдау нәтижелері баяндалды, студент Г. Атамбузовтың ғылыми зерттеулер жүргізуді кезең-кезеңмен талдаумен ғылыми жұмысы (7-106ж.) таныстырылды.

Білім беру үдерісінде ғылыми-бағытталған оқыту білім алушылардың ғылыми зерттеулерінің құзыреттілігін дамытуға ықпал етеді және бітірушілердің дербес және өзіне сенімді маман болуына ықпал етеді.

Ж.Жанатайстуденті КМУ


0
2507

пікірлер

пікір қалдыру үшін.