Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Болашақ дәрігерлерді даярлау мәселесі талқыланды

Болашақ дәрігерлерді даярлау мәселесі талқыланды

26 Маусым 2019

Академиялық ұтқырлық аясында 10.06.2019ж.–21.06.2019ж. аралығында клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасының меңгерушісі Ш.С.Қалиеваның «Астана медицина университеті» КеАҚ-ға  сапары өтті.

  Екі апта мерзімінде  Отоларингология мамандығы бойынша 1 жыл білім алатын резиденттермен «Дәлелді медицина» пәнінен тақырыптық жоспар мен сабақ кестесіне сәйкес семинарлық және тәжірибелік сабақтар өткізілді.Тәжірибелік сабақтар нақты клиникалық жағдайларды құру мен TBL, CBL,  e-learning әдістерін қолдана отырып мәселені шешу арқылы оқытудың белсенді әдістерін қолданумен өткізілді.Тәжірибелік сабақтарда білім алушылар тек дәлелді деректерге негізделген жетекші халықаралық агенттіктердің медициналық мамандары үшін клиникалық ұсынымдарды әзірлеу мен енгізудің халықаралық принциптерін зерделеуге және арнайы әдістемелерді пайдалана отырып қолданыстағы ұлттық клиникалық хаттамалардың сапасын өз бетінше бағалауға мүмкіндік алды. Аудиториялық сағаттарда резиденттер интернетке және дәлелді деректердің электрондық базасына үнемі қол жеткізу мүмкіндігіне ие болды, аудиториядан тыс уақытта жеке және топтық жобаларды орындады.

  Екі апта бойы оқытушылар арасында белсенді тәжірибе алмасып, қазіргі заманға сай болашақ дәрігерлерді даярлау мәселелері, білім беру қызметіндегі негізгі бағыттар талқыланды.«Астана медицина университеті» КЕАҚ кафедрасының клиникалық фармакологтары мен тәжірибелік денсаулық сақтаудың дәрігер-клиникалық фармакологтарымен кездесу өтті. Кездесу шеңберінде  Ш.С.Қалиева скандинавиялық елдердің пациенттердің қауіпсіздігі және дербестендірілген фармакотерапия бойынша тәжірибесі туралы презентациямен сөз сөйледі, антибиотикорезистенттілік стратегиясы, пациенттердің қауіпсіздігі және ҚР клиникалық фармакология қызметін одан әрі күшейту мәселелері бойынша кафедрааралық және кәсіби өзара іс-қимылды күшейту мәселелері талқыланды.

  Осылайша, бірлескен қызмет барлық мүдделі тараптар үшін тиімді және жемісті өткізілді. Алдағы академиялық ұтқырлық аясында  ынтымақтастық мәселелері талқыланды.


0
2284

пікірлер

пікір қалдыру үшін.