Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ата-бабалар мұрасын сақта!

Ата-бабалар мұрасын сақта!

24 Қазан 2019

Қарағанды медицина университетінде деструктивті діни идеологияда иммунитетті қалыптастыру және зайырлы мемлекеттің дәстүрлеріне құрметпен қарауды сақтау бойынша жұмыс жалғасуда.

Жақында студенттермен кездесу барысында университеттің қауіпсіздік қызметінің жетекшісі М.К.Калиев жиналғандарға Павлодар қаласының Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры Гульназ Раздыкованы таныстырды.

Гүлназ Мақсұтқызы Қарағандыға студенттер қауымдастығының өкілдерімен кездесу және әңгімелесуге, жиналған қауымды ислам дінінің даму тарихымен және дәстүрлі емес мұсылман ағымдарының таралу қаупімен таныстыру үшін келді.

«Жусан» гуманитарлық арнайы операциясын өткізу қорытындысы туралы хабарды жастар үлкен қызығушылықпен қабылдады, оның аясында Сириядағы жауынгерлік іс-қимылдар аймағынан Қазақстанға 357 кәмелетке толмағанды қоса алғанда, 524 отандасымыз қайтарылды.

Аудиторияның назарына деструктивті діни табынуды жақтаушылардың алдау құрбаны болған, қарапайым қыздың тағдыры туралы бейнефильм ұсынылды.

Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып Г.М. Раздыковадан толық жауаптарын алды. Іс-шара соңында дәріскер студенттерді экстремистер желісіне түспеу үшін, жат әсерге төзімді болуға және сыни ойлау қабілетіне ие болуға шақырды.

Тарих көрсетіп отырғандай, сырттан теріс әсерге қарсы тұрудың ең жақсы жолы-бұл әрдайым өзіңмен-өзін болу. Біздің мәдениетіміз - ата-бабаларымыздың мұрасы, жүздеген ұрпақтардың қамқорлығымен жинақталған, бұл ғасырлар тереңінен өтіп бара жатқан жетілген тіл және бай дәстүрлер – сондықтан, Қазақстан халқының ұлттық бірегейлікті сақтап, уақыт ағымында ерімейтін сенімді кепілі.

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім


0
2206

пікірлер

пікір қалдыру үшін.