Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Астана декларациясы

Астана декларациясы

18 Қараша 2019

2019 жылдың 25 қазанында Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев университетінің медицина мектебінің базасында алғашқы медициналық- санитарлық көмек туралы  Астана декларациясының қабылдауының 1 жылдығын мерекелеуге арналған дөңгелек үстел өтті. Ұйымдастырушылар: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросы, денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармаларының, Нұр-Сұлтан қаласының емханаларының өкілдері, АМСКК мамандары, ғылыми қауымдастық және басқа да мүдделі тараптар қатысты.

«АМСКК-дің:  көзқарастан іс-әрекетке туралы Астана декларациясының қабылдауының бірінші жылдығы: көріністен іс қимылға» дөңгелек үстелін, ҚР ДСМ Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының м.а. спикер Айнұр Айыпхановажиналғандардың барлығын және қонақтардықұттықтау сөзімен ашты.

Сонымен қатар қонақтарға Қазақстан Республикасының бұрынғы денсаулық сақтау министрі, академик Төрегелді Шарманов және ДДСҰ өкілдері Шияма Курувила (штаб-пәтер, Женева), Клейтон Гамильтон (Еуропаның аймақтық бюросы, Копенгаген), Олег Честнов (мемлекеттік кеңсе Нұр-сұлтан қ.), Энн Йохансен (АМСКК бойынша географиялық қашық жақтағы  кеңсе Алматы қ.), денсаулық сақтауды қаржыландыру саласындағы серіктестіктің халықаралық желісінің өкілі (P4H) Клод Мейер, ЮНИСЕФ-тің өкілдігі Қанат Суханбердиев,  Ұлттық денсаулық сақтау институтының және қартаю туралы ғылым (Италия) Франческо Барбарелла қатысты.

АМСКК-ді нығайтудың стратегиялық және  жедел тұтқалары туралы екі сессиядан тұратын іс-шараның екінші бөлімінде халықаралық сарапшылармен бірге ҚР денсаулық сақтау министрлігінің өкілідері, оның ішінде денсаулық сақтауды цифрландыру департаментінің директоры Бейбіт Есенбаев сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелге қатысушылар: Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының бас директоры, профессор Уәлихан Ахметов, Астана медицина университетінің ректоры, профессор Дайниус Павалкис, алғашқы медициналық-санитарлық көмек жобалық кеңсесінің басшысы, Асқар Хорошаш, Ұлттық алғашқы медициналық-санитарлық көмек қауымдастығының басқарма төрағасы, профессор Роза Абзалова және оның атқарушы директоры Инна Стратулат.

«Қарағанды ​​медицина университеті» КеАҚ-ның дөңгелек үстеліне Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіптік денсаулық сақтау институтының проректор-директоры, м.ғ.д., профессор Түсіпова Камшат Маратқызы, отбасылық медицина кафедрасының меңгерушісі, профессор Омарқұлов Бауыржан Каденұлы, «Отбасылық медицина» мамандығының 1 курс  резиденті  Абдрахманов Аманжол және 6-курс интерні Асқар Досмұратов қатысты.

 Отбасылық медицина кафедрасы


0
2294

пікірлер

пікір қалдыру үшін.