Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ауғанстан – сен менің жанымның жарасысың...

Ауғанстан – сен менің жанымның жарасысың...

26 Ақпан 2020

15 ақпан Қарағанды медицина университетінің әскери кафедрасында Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығарудың 32-жылдығына арналған шаралар өткізілді.

Ауғанстанда қайтыс болған әскерлердің құрметіне арнап мемориалды кешенге гүл шоқтарын қою салтанатты шарасына Әскери кафедра меңгерушісі запастағы полковник Б.А.Жиенбаев, цикл бастығы - аға оқытушы, отставкадағы подполковник Т.Б.Елемесов., аға оқытушы, отставкадағы медицина қызметінің полковнигі Ғ.З. Балтынов және әскери кафедрада запастағы офицерледі дайындау бағдарламасы бойынша бірінші жыл білім алып жатқан студенттер қатысты. 

Содан кейін, Әскери кафедраның  профессорлық-оқытушы құрамының басшылығымен, запастағы офицерледі дайындау бағдарламасы бойынша білім алып жатқан Қарағанды медицина университетінің, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің және Орталық-Қазақстан Академиясының студенттерінің күшімен «Ауғанстан – сен менің жанымның жарасысың...» атты батылдық сабағы өткізілді.

Шақырылған қонақтар арасында ауған соғысының және Қазақстан Респаубликасының Қорғаныс Күштерінің ардагерлері: Қызыл Жұлдыз орденінің кавалері, отставкадағы полковник, 1993-2006 жылдар  аралығында әскери кафедраның аға оқытушысы Габдракипов Флит Узбекұлы, Ауған соғысының ардагері, үшінші дәрежелі «Кеңестік Социалистік Республика Одағының Қарулы күштеріндегі Отанға қызмет үшін» орденінің кавалері, медицина қызметінің отставкадағы полковнигі, 2015 жылдан осы аралыққа дейін әскери кафедра аға оқытушысы Балтынов Ғабдулла Зайданұлы, «Батылдық үшін» жауынгерлік төсбелгісімен марапатталған интернационалист-жауынгер Тынымбаев Қайрат Иранұлы болды.

Шара барысында Ауған соғысы жайлы деректі фильм көрсетілді, сонымен қатар «Қара майор отряды - Мұсылман батальоны» және «Ауғанстан – осы өлеңді көзімнің жасы арқылы жырлаймын» тақырыптары бойынша қатысушы студенттердің жоба жұмыстары ұсынылды.

Жиналғандар қайтыс болған Ауған жауынгерлерін, сонымен қатар жақында өмірден озған атақты Қара-майор, полковник Керімбаев Борис Төкеновичті бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Шара барысында интернационалист-жауынгерлер ауған оқиғасын, жауынгерлік іс-қимылдарын еске алды.

Ардагерлердің құрметіне кафедра студенттерінің орындауында сахнада өлең жолдары мен әндер арналды.

Әскери кафедра меңгерушісі, запастағы полковник Жиенбаев Бауыржан Әкімжанұлы  ауған соғысы ардагерлерінің баға жетпес жауынгерлік және өмірлік тәжірибелері,  білімі мен машығы, олардың адамгершілік әлеуеті мен дәстүрі мемлекетімізді қорғаушы бүгінгі ұрпағымызға мықты азаматтық рухын көтеретін және жоғары кәсіби шеберлік көзі екендігін атап өтті.

Құттықтау сөз бен жылы ризашылық білдіруден басқа, институт басшылығы мен әскери кафедра басшылығының атынан шараға шақырылған ардагерлерге естелік сыйлықтар ұсынылды.


0
2692

пікірлер

пікір қалдыру үшін.