Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қоғамның игілігі үшін

Қоғамның игілігі үшін

26 Қыркүйек 2020

Қарағанды медицина университеті студенттерінің жобалары бүкіл Қазақстанға және оның шегінен тыс жерлерде де танымал. Жұмсақ экзоскелет, аспалы жүйелер, нашар көретін адамдарға арналған таяқшалар, жылжымалы көтергіштер – бұл медик студенттердің әлеуметтік жобаларының қоғам өмірін жақсартып және көмек беретін аз ғана бөлігі. Бүгін біз оңалту және студенттеріміздің оның дамуына қосқан үлесі туралы тағы бір рет айтып өтеміз.

   «Физикалық медицина және оңалту» мамандығының резиденті  Коробейников Тимур және магистрант Ивачёв Павел үшін жаз жемісті өтті. Олар реабилитациялық жабдықтың – науқастарды көтеруге және қозғалтуға арналған жылжымалы көтергіштердің жаңа моделін жобалауды және өндіруді жүзеге асырды. Көтергішті бір адам басқарады және ол науқастарды төсектен, орындықтан, мүгедектер арбасынан көтеруге арналған. Төмен негізге байланысты көтергіш төсекке немесе жиһазға дейін оңай көтеріледі (көтергіштің негізі оның элементтерінің астында орналасып қозғалады). Су өткізбейтін материалдан жасалған ілгіші науқасты көтеруге, қозғалтуға, гигиеналық процедураларды төменгі арқадағы бел омыртқаны кернеусіз жүргізуге мүмкіндік береді. Дизайн жобасы қарапайым және дұрыс жұмыс істеу үшін арнайы дағдыларды қажет етпейді.

   Студенттер жаңа конструкцияға «Благодать» қарттар үйінен тапсырыс алды және бүгінгі таңда мекеме қызметкерлері осы техниканың жаңа үлгісін сәтті қолдануда.

  Бұл жобалар  «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» мәліметтер базасына енгізілген, ал жас өнертапқыштар – экожүйенің табысты резиденттері.


0
1950

пікірлер

пікір қалдыру үшін.