Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тарихқа тағзым

Тарихқа тағзым

07 Қараша 2020

2020 жылғы 3-4 қараша күндері Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасының асисстент-профессоры Абдрахманова Кәмшат Жақсылыққызының ұйымдастыруымен стоматология және жалпы медицина  мектебінің 1-2 курс студенттерімен «АЛЖИР» және «КарЛАГ» мұражайларына Microsoft teams платформасы арқылы онлайн экскурсия өткізілді.

Студенттердің айтуы бойынша экскурсия онлайн режимде өткенімен, өздерін сол жерде тұрғандай сезініп, ерекше әсер алып, білімін жетілдірді. Бұл экскурсияның мақсаты – Отан тарихының парақтарымен танысу, саяси қуғын-сүргін көрген аға ұрпақтың, ұлт зиялыларын еске алып, ұлықтау азаматтық парыз екенін жастарға түсіндіру. Ұлттың келешегі тарихи білім мен мәдениеттің даму деңгейіне байланысты. Сондықтан, жастарға патриоттық тәрбие беру, Отан тарихына сын көзбен қарап, сабақ алуға үйрету. Екі күн жүргізілген экскурсиядан студент жастардың алған әсерлері және тәрбиелік рухани маңызы өте зор болды.

Жастарды патриоттық тәрбиелеу-бұл Отан тарихын сыни бағалауға үйрету, сондай-ақ өмір сабақтарын алу. Екі күндік экскурсиядан алған әсер студенттер үшін үлкен тәрбиелік және рухани маңызға ие болды.


0
1638

пікірлер

пікір қалдыру үшін.