Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті

Sanaly urpaq

17 Қараша 2020

Жалпыреспубликалық «Азаматтық бақылау» жобасын іске асыру аясында 16 қарашада Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің басшысының Бірінші орынбасары Оразхан Асхат және  «Sanaly urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Токушев Кайыржанның қатысуымен Қарағанды қаласының жалпы білім беру ұйымдары және жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал ұрпақ» және «Sanaly urpaq» клубтарының «Біздің таңдауымыз – заңды мемлекет» атты онлайн-конференциясы өтті.

   Конференцияны Қазақстан Республикасы Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және Нұр-Сұлтан қаласының «Тұрақты және әлеуметтік даму қоры» ҚҚ ұйымдастырды.

  Қарағанды медицина университетінің жұмыс тәжірибесін  комплаенс-офицер Урмашов Александр таныстырды. «Sanaly urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің басшылығы бүгінгі таңда Қарағанды медицина университеті академиялық адалдық Лигасының аймақтағы жалғыз мүшесі және құрылымында өзкомплаенс-кеңсесі бар университет екенін атап өтті, бұл сөзсіз университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өз жұмысын және академиялық адалдықты күшейтуге деген ұмтылысын көрсетеді.

  Университеттің комплаенс-офицері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында адалдық және ашықтықты қамтамасыз ету бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың іске асырылуы, профилактикалық шаралар жүйесі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс туралы айтып берді.

  Пікірталаста сондай-ақ ҚҚЭУ, ҚР ІІМ Қарағанды Академиясы, ҚарТУ, «Adilzanger» заң кеңесшілер палатасынан әріптестер де сөз сөйледі.

  Конференция нәтижесінде білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты күшейту туралы қаулы қабылданды.

Комплаенс-кеңсесі


0
1543

пікірлер

пікір қалдыру үшін.