Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарағанды қаласының өткені мен бүгіні

Қарағанды қаласының өткені мен бүгіні

10 Ақпан 2021

09.02.21 Қарағанды қаласындағы облыстық өлкетану мұражайының ұйымдастыруымен  «Қарағанды қаласының өткені мен бүгіні»атты онлайн- дөңгелек үстел өтті. Атаулы шараға Қарағанды қаласының тарихшы-ғалымдары, өлкетанушылар, оқытушылар, журналист-тілшілер, ЖОО студент жастары,мектеп оқушылары қатысты. Қарағанды Медицина Университеті Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының тікелей жетекшілігімен жалпы медицина мамандығының 1-2 курс студенттері де қатысып,тыңдады. Дүние жүзінде қалыптасып отырған пандемияға қарамастан өскелең ұрпақтың білімін жетілдіру, таныстыру және туған жердің тарихына құрметпен қарауды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараның маңызы өте зор болды. Қәзіргі кезеңде білімді толықтырудың өзіндік тәсіліне айналған онлайн-кездесулер студенттер үшін өте пайдалы дүние болғаны айдан анық. Музей ұжымына айтар алғысымыз шексіз.Шығармашылық табыстардың шыңында болуын тілейміз!


0
1734

пікірлер

пікір қалдыру үшін.