Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жүзеге асырудың оң мысалы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жүзеге асырудың оң мысалы

12 Наурыз 2021

5 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясында жоғары оқу орындарындағы адалдықты насихаттау бойынша кездесу өтті. Кездесуде ректорлар, проректорлар және жоғары оқу орындарының қызметкерлері, жоғары білім беру саласындағы сарапшылар, академиялық адалдық Лигасының өкілдері бас қосып жиналды. Кездесу жұмысына университеттің академиялық жұмыс жөніндегі проректоры Риклефс Виктор Петрович қатысты.

  Сәлемдесу сөзімен ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің төрағасы Жаилганова Анар, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары БектеновОлжас, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі Ахметов Альтаир, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Дауленов Мирас, ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар кеңсесінің басшысы – елші Дьердь Сабо, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының ректоры АбилЕрлан сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы МБА сарапшылары Академияның академиялық адалдық саласын қамтамасыз ету, жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жүйелі көзқарас қалыптастыру тәжірибесін ұсынды.Сонымен қатар, спикерлер ретінде М.С.Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің провосты Пен Сергей, Ш. Уалиханов атындағы ҚМУ ректоры Сырлыбаев Марат, «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» ҚҚ президенті БатталоваЗауреш, «Sanaly urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы ТокушевКайыржан, «TALANTIZ» компаниясы тобының басқарушы серіктесі Джакупова Дана сөз сөйледі.

  КайыржанАхметбекұлы өз сөзінде жиналғандарды университеттердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кешенді жоспарының орындалуының мониторинг нәтижелерімен таныстырды. Спикер бұл жоспарды еліміздің 90 жоғары оқу орнының ректорлары бекіткендігін және олардың 49-ы мониторингтан өткендігін атап өтті. Сарапшылар жүргізген мониторинг нәтижелері бойынша «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ қызметі қабылданған Жоспарды іске асырудың оң мысалы ретінде бағаланды.

Комплаенс-кеңсесі 


0
3071

пікірлер

пікір қалдыру үшін.