Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
17 наурыз - «Тарихқа тағзым күні»

17 наурыз - «Тарихқа тағзым күні»

19 Наурыз 2021

Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл барысында, «Наурыз шуағы» мейрамын тойлауға арналған тұжырымдама аясында 17 наурыз - «Тарихқа тағзым күні» қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшысы Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына орай, онлайн форматта, Қарағанды Облыстық Ж.Бектуров атындағы жасөспірімдер кітапханасында, «Алаштың Әлиханы» атты республикалық конференция өтті.

 Аталған шараның мақсаты қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен қазақтың біртуар перзенті,ұлт көсемі, «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшысы Әлихан Бөкейханның өмірі және шығармашылығымен танысу, жастардың бойына отансүйгіштік және азаматтық жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру.

Конференцияға Қарағанды Медицина Университеті Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының ассистент-профессоры Абдрахманова Камшат Жаксылыққызының жетекшілігімен  жалпы медицина мамандығының 2 курс студенттері Даниярова Диана, Бимурзина Диана, Әлібек Жандос, Әді Жандос қатысып алғыс хаттармен марапатталды. Қарағанды Медицина Университеті студенттері өздерін әр салада әр қырынан,білім деңгейімен, отансүйгіштік сезімдерімен,азаматтық ұстанымдарымен таң қалдырып жатады.

Тәуелсіздікті атап өткенде тәлімдік, тәрбиелік мәні бар,танымдық мақсаттағы ақпараттарды жиі ұсынып,студент жастарға бағыт бағдар беру заман талабы.


0
1773

пікірлер

пікір қалдыру үшін.