Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

02 Сәуір 2021

1 сәуірде комплаенс-кеңсесі Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша Департаментімен бірлесіпlive-вебинар форматында университет қызметкерлеріне арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына түзетулер енгізу мәселелері бойынша жан-жақты құқықтық оқыту өткізді.   Вебинардың дәріскері болып Департаменттің ақпараттық-білім беру штабының мүшесі, Орталық-Қазақстан Академиясының оқытушысы Сулейменова Алтынай Ислямовна сөз сөйледі.

  Алтынай Ислямовна сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық ұғымдарын ашып айтып, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіріп өтті. Дәріскер квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлықпен күресу шараларының жүйесіне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, вебинарға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерін қарастырды.

  2021-2022 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар Жоспарын орындау және университет қызметінің адалдығы мен айқындығын қамтамасыз ету шеңберінде Құқықтық оқыту өткізілетінін еске саламыз.

  Комплаенс-кеңсесі


0
1751

пікірлер

пікір қалдыру үшін.